Әріп тобына

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп (МДШО және МЖИ КММ)

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі — Калиева Жазира Касеновна

Сабақ тақырыбы

«Күншіл үйрек» ертегісі

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ертегінің мазмұнын және негізгі ойын меңгерту; түсініп оқуға, оқығанын әңгімелеп беруге дағдыландыру.

Дамытушылық

Шығармашылық қиялын дамыту, жүйелі ойлау қабілетін жетілдіру; сөздік қорын молайтып, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

Адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттер туралы өзіндік пікір қалыптастыру; адамгершілікке, табиғатты сүюге, аң-құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер, ресурстар және байланыс

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Сын тұрғысынан ойлау (топтастыру, Венн диаграммасы)
  • Ой қозғау

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Интерактивті тақта
  • Үлестірмелі суреттер

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын,

Сәттілік тілеймін.

Топқа бөлу

«Миға шабуыл» арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді: Әріп, Сөз, Буын.

II. Өткенді қайталау (миға шабуыл)

  1. 1) Әріп дегеніміз не? Қазақ тілінде неше әріп және неше дыбыс бар? Әріп
  2. 2) Дыбыс деген не? «С» қандай дыбыс? «С» дыбысы қатысқан сөз және сөйлем құрастыр. Сөз
  3. 3) «Вагон» сөзін буынға бөл. Дыбыстық талдау жаса. Буын

III. Үй тапсырмасын тексеру

«Әріп» тобы

Өлеңнің бірінші бөлігін әңгімелеп беру.

«Сөз» тобы

Сұрақ қою, талдау жасау.

«Буын» тобы

Берілген сұрақтарға жауап беру.

Құс атауларын атай отырып, «Бір қазан сүт» өлеңінде кездеспейтін құсты табу: Үйрек

IV. Жаңа сабақтың мақсатын қою

Ертегінің мазмұнын және негізгі ойын меңгерту; түсініп оқуға, оқығанын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету.

V. Жаңа сабақ: «Күншіл үйрек»

Оқулықпен жұмыс

  • Ертегіні оқу, мазмұнын түсіндіру, талдау.
  • Сұрақ-жауап арқылы түсінігін тексеру.
  • Мақалдың мағынасын түсіндіру және талдау.
  • Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сөздік жұмыс

Күншіл — көре алмаушылық, қызғаншақтық.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуы орындалады.

Суретпен жұмыс (топтық тапсырма)

Әр топ берілген суреттегі аң немесе құсқа сипаттама береді:

«Әріп» тобы

Түлкінің суреті

«Сөз» тобы

Үйректің суреті

«Буын» тобы

Аққудың суреті

VI. Жаңа білімді бекіту

Венн диаграммасы арқылы құстарды салыстыру (ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау).

VII. Қорытынды

Қорытындылау тәсілі

Сахналық қойылым және сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақтың негізгі мазмұны жинақталады.

Рефлексия

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

VIII. Үй тапсырмасы

  • «Күншіл үйрек» ертегісін оқып келу.
  • Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.