Қыз балаға байланысты тыйым сөздерді ата

Тақырыбы

Ұлыстың ұлы күні

Мақсаты

  • Ұлттық ойындар арқылы оқушылардың салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы білімін бекіту, ой-өрісін кеңейту.
  • Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Слайд Суреттер Мақал-мәтелдер Тыйым сөздер

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Бүгінгі «Ұлыстың ұлы күні» деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді 22 наурыз — көктемнің ұлы мерекесі Наурыз күнімен құттықтаймын. Келген қадамдарыңыз құтты болсын! Жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл тілейміз.

Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Бір ата-ана шашу шашады.

Мұғалім сөзі

Ата-аналық — үлкен сын, бала өсіру — ұлы өнер.
Жақсылардың артынан жарқын ұл мен қыз өсер.

Осындай игі ниетпен «Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Той бастаңыздар, балалар, той бастаңыздар,
Той бастаған балалар, көп жасаңыздар.
Бүгінгі күн — сейсенбі, той қылыпсыз,
Құтты болсын тойыңыз деп бастаңыздар!

Тәрбие сағатымыз басталмас бұрын, қатысып отырған әділқазылар алқасымен таныстырамыз.

Наурыз туралы қысқаша мәлімет

Мағынасы мен күні

Қазақ халқы ерекше құрметтеп, асыға күтетін мереке — Наурыз. Бұл сөз «Жаңа жыл» деген мағынаны білдіреді. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі, ал жаңа жылдың алғашқы күні «Ұлыстың ұлы күні» деп аталады.

Дәстүрі

  • Халық әдемі киімдерін киіп, бір-біріне ақ тілек айтады.
  • Жастар үлкендерге сәлем беріп, бата алады.
  • Ұлттық ойындар ойналып, ән айтылып, би биленеді.
  • Жеті тағамнан тұратын Наурыз көже жасалып, көпшілікке таратылады.

Тілек айту

Наурыз тойында оқушылар ақжарма тілектерін арнайды:

1-оқушы: Сәрсембек Иса

Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз тойы құтты болсын!

2-оқушы: Қажымұқан Аида

Наурыз тойы — салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Көңілдері жадырап,
Жүрсін аман қартымыз.

3-оқушы: Жақан Зарина

Наурыз айы тамаша,
Жыр салайық жаңаша!
Мереке көп Наурызда —
Қуанайық балаша!

4-оқушы: Тойлыбеков Мирамбек

Көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ойын —
Наурызда ойналар ұлттық ойын.
Төлдейді сиыр, түйе, бие, қойың —
Құтты болсын жанары келген тойың!

Ұлттық ойындар

Ендеше, балалар, ұлттық ойындарымызды бастайық. Әр ойын мерекенің мазмұнын ашып, білім мен тапқырлықты ұштайды.

«Хан талапай»

Ойын шарты: оқушы асықты таңдап алып, сол асықтағы тапсырманы орындайды. Дұрыс орындаса, асықты ұтып алады.

Асықтағы тапсырмалар

  • Ұлттық ойындарды ата.
  • Жеті атаны таратып айтып бер.
  • Дүниеде ең жақының кім?
  • Дүниеде не қымбат?

«Қара жорға»

Би орындалады. Ойын шарты: теңгенің артындағы сұрақтарға жауап беру.

  1. Ұлттық тағамдарды ата.
  2. Қыз балаға байланысты тыйым сөздерді ата.
  3. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

«Қыз қуу»

Ойын шарты: қыз балаға және ұл балаға жеке сұрақ қойылады.

Қыз балаға сұрақ

Жеті байлық дегеніміз не?

Ұл балаға сұрақ

Жеті қазына дегеніміз не?

«Ат жарысы»

Ойын шарты: 3 оқушы атпен жарысып, шарды жарып, ішіндегі сұрақ-тапсырмаларды ата-аналарға жеткізеді.

1-ат жарысынан озып келген оқушының сұрағы

  1. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын ата.
  2. «Қыз қуыршақ дейді, ... ... ...» (жалғастыр).
  3. Жеті санына байланысты ұғымдарды ата.

Жауаптары

  1. Ет, жент, қымыз, сүт (т.б.).
  2. Бала құлыншақ дейді.
  3. Ата, жұт, қазына, жетім (т.б.).

2-ат жарысынан озып келген оқушының сұрағы

  1. Мұсылманның парызын ата.
  2. «Балаң жаман болса, ... ... ...» (жалғастыр).
  3. Үш санына байланысты ұғымдарды ата.

Жауаптары

  1. Меккеге бару.
  2. Көрінгеннің мазағы.
  3. Жұрт, тәтті, арсыз, мақсат (берілген нұсқа).

3-ат жарысынан озып келген оқушының сұрағы

  1. Қазақтың төрт тойын ата.
  2. Қыз және ұл балаға байланысты мақал-мәтел айт.
  3. Үш алысты ата.

Жауаптары

  1. Наурыз, қымызмұрындық, сабантой, соғым басы.
  2. Баланың ұяты — әкеге, қыздың ұяты — шешеге.
  3. Жер мен көк, кәрі мен жас, жақсы мен жаман.

Дәм мен дәстүр: «Ас — адамның арқауы»

Көрме

Ата-аналар өз қолөнерімен дайындаған ұлттық тағамдарын таныстырып, олардың жасалу жолын қысқаша түсіндіреді.

«Арқан тартыс»

Ойын шарты: қыз балалар мен ұл балалардың ата-аналары ортаға шығып, арқан тартысады.

Қорытынды

Осымен «Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызды аяқтай отырып, әділқазылар алқасына және ата-аналарға сөз береміз.

Ұлыстың ұлы күні сіздерге және отбасыларыңызға құт-береке, мол бақыт әкелсін!

Сау болыңыздар! Рахмет!