Кальцийдің физикалық қасиеттері

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (9-сынып)

Тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары

Мақсаты: кальций және оның қосылыстарымен танысу, теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Оқу мақсаттары

  • Периодтық жүйедегі орнына сүйене отырып, сілтілік жер металы кальцийге сипаттама беру.
  • Кальций мен оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы білімді меңгеру.
  • Кальцийдің қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру, химиялық тілде сауатты сөйлеу.
  • Есептерді өз бетінше құрастырып, шығару.

Күтілетін нәтиже

  • Кальцийдің периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере алады және оның қосылыстарының генетикалық қатарын анықтайды.
  • Табиғи қорларын біледі, қолданылу аясын түсіндіре алады.
  • Кальцийдің физикалық және химиялық қасиеттерін, биологиялық маңызын ажырата алады.

Әдіс-тәсілдер

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыратын және белсенді қатысуына мүмкіндік беретін әдістер жүйелі түрде қолданылады.

Ой түрткі: «Бинго» Танымдық ойын: «Құрастыр, содан кейін жауап бер» Топтық жұмыс: «Ассоциация» Эксперимент: «Химик зертханада» «Ойлан, жұптас, бөліс»

Құрал-жабдықтар

Көрнекіліктер

  • Интербелсенді тақта
  • Периодтық жүйе кестесі
  • Үлестірмелі материалдар
  • Тірек сызбалар

Зертханалық құралдар

  • Химиялық реактивтер
  • Химиялық ыдыстар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар химиялық формулалар бойынша үш топқа бөлінеді: Ca, CaO, CaCO3.

Үй тапсырмасын тексеру

1) Ой түрткі: «Бинго»

Өтілген тақырыптарды қайталау кезінде оқушылар интербелсенді тақта арқылы тапсырмаларды орындайды.

2) Танымдық ойын: «Құрастыр, содан кейін жауап бер»

Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы киіз үйдің қаңқасын мысалға ала отырып, металдардың физикалық және химиялық қасиеттері зерттеліп, жинақталады.

Жаңа сабақ

«Мен кіммін?»

Мұғалім элементті жасыру тәсілі арқылы оқушыларға тақырыпты өздері ашуға бағыт береді.

Электронды оқулықпен жұмыс

Кальций және оның қосылыстарына жалпы сипаттама беріледі, негізгі ұғымдар бекітіледі.

«Ассоциация» әдісі бойынша тапсырмалар

  • Ca тобы: кальцийдің физикалық қасиеттерін сипаттау; кальций қосылыстарына ассоциация құру.
  • CaO тобы: кальций және оның қосылыстарының химиялық қасиеттеріне ассоциация құру.
  • CaCO3 тобы: «Кальций — тіршілік элементі» тақырыбын талдау.

Мұғалімі

Қойшыбаева А.