Ақпараттық технологияны балабақша тәрбиешілеріне меңгерту жолдары

Мақсаты

Тәрбиеленушілердің зейінін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру және ақыл-ойын дамыту мақсатында балабақша тәрбиешілеріне ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету; бұл құралдарды өз тәжірибесінде кеңінен қолдануға ықпал ету.

Жоспары

I

Кіріспе

Ақпараттық технология — бүгінгі күн талабы.

II

Негізгі бөлім
  • Ақпараттық технологияны балабақша тәрбиешілеріне меңгертудің жолдары.
  • Ақпараттық технологияны пайдалану — баланы жан-жақты дамытудың шешуші құралы.
  • Балабақшада ақпараттық технологияны қолдану бойынша тәжірибем.

III

Қорытынды

Ақпараттық құралдарды кеңінен қолданудың өзектілігі және педагогтердің рөлі.

Ақпараттық технология — бүгінгі күн талабы

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсету қажеттігі атап өтіледі. Сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру, онлайн оқыту тәжірибесін дамыту және оқу теледидарын құру қажеттілігі көрсетілген.

Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияларға сүйенуді және ақпараттық құралдарды кеңінен қолдануды талап етеді. Оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу — уақыт талабы.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі — инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің орны ерекше: баланың келесі білім сатыларындағы нәтижелі дамуының берік іргетасы дәл осы балабақшада қаланады.

Инновация және білім беру құралдары

Қазіргі кезеңде білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Ғылыми тілмен бұл құбылыс инновациялық процесс немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп аталады.

Инноватика ұғымы латынның in-novus сөзінен шыққан және «жаңарту», «өзгерту», «жаңашылдық» мағыналарын білдіреді. Яғни, педагогикада жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану — сапалы өзгерістерге бастайтын жол.

Инновациялық білім беру құралдары

  • Аудио-видео құралдар
  • Компьютер, мультимедиялық құралдар
  • Интерактивті тақта
  • Интернет
  • Электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер
  • Инновациялық ақпараттық банк, сайттар және басқа ресурстар

Бүгінде интерактивті бағдарламалық мүмкіндіктер, қозғалмалы объектілер құруға арналған векторлық және графикалық құралдар кеңінен қолданысқа еніп отыр. Осындай мүмкіндіктердің бірі — мультимедиялық оқулықтарды балабақшада жүйелі пайдалану.

Мультимедиялық оқулықтардың тиімділігі

Мультимедиялық оқулықтарды қолдану оқу іс-әрекеттерін жоғары деңгейде ұйымдастыруға жағдай жасайды. Мұндай жағдайда тәрбиеші әр сабақта көрнекіліктерді қайта-қайта ауыстыруға уақыт жоғалтпайды, ал оқу материалы құрылымды әрі ықшам түрде ұсынылады. Бұл — уақытты тиімді пайдаланудың нақты жолы.

Қызығушылық

Баланың қызығушылығын арттырады, сабаққа ынтасын күшейтеді.

Қайталау мүмкіндігі

Түсінбеген тұстарын қайта көруге, тыңдауға және нақтылауға мүмкіндік береді.

Белсенділік

Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысуға ықпал етеді, танымдық әрекетті күшейтеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалар әдемі түстерге, ойыншықтарға, суреттерге, яғни көркемдікке бейім келеді. Кез келген оқу іс-әрекетінде тартымды иллюстрациялар мен графикалық тәсілдер арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тек танымдық белсенділікті арттырып қоймай, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға және шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Педагогтің кәсіби дамуы және ІКТ

Қоғамды ақпараттандыру жағдайында педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы біліктілігін көтеру — негізгі міндеттердің бірі. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, мансаптық өсуін қолдау, оқыту және кәсіби біліктілігін үздіксіз дамыту, сондай-ақ еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыру мәселелеріне айрықша мән берілген.

Өз бетімен білім алу — педагогтің кәсіптік шеберлігін арттырудың ең тиімді жолдарының бірі. Тәрбиеші жаңа үдерістерді меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін және іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.

Қоғам талабы — жалпыға бірдей білім және өмір бойы білім алу.

Өз тәжірибемнен

2006 жылы Атырау қаласындағы №4 кәсіптік мектептің Аққыстау филиалында ЭВМ мамандығы бойынша оқып, төртінші дәрежелі ЭВМ операторы куәлігін алдым. 2012 жылдың 27 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Атырау облыстық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «Қашықтықтан оқыту негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өттім.

Қолданатын бағдарламалар

  • Paint
  • PowerPoint
  • Microsoft Office жиынтығы
  • CyberLink PowerDirector
  • Windows Movie Maker
  • ActivStudio

«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген Жүсіп Баласағұнның сөзі — менің өмірлік қағидам.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру және халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу көрсетілген. Сондықтан білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңі оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін алдыңғы қатарға шығарып отыр.

Осы бағытта өткізген ашық сабақтарымды, дөңгелек үстелдерімді және тәрбиелік шараларымды www.45.minut республикалық ұстаздар сайтына жариялап, сайт сертификатына ие болдым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш әрі маңызды жетістік болды.

Балабақша жағдайында жүзеге асыру

Мен жұмыс істейтін «Балбөбек» балабақшасының ақпараттық технологиялармен жабдықталуы қазіргі талапқа толық сай емес. Дегенмен осы жағдайда да нәтижелі жұмыс істеудің тиімді жолдарын қарастырып, бірқатар ұйымдастыру шараларын қолға алдым.

Ұйымдастырылған қадам

Педагогикалық кеңес шешіміне және тәрбиешілердің сұранысына сәйкес компьютерлік сауаттылықты жүйелеу мақсатында ақпараттық технологиялар бағдарламаларымен жұмыс істеу курсын ұйымдастырдым.

Мәтін жалғасы: Word файлы түрінде және «Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде ақпараттық технологияның рөлі» тақырыбындағы презентацияда.