Ребустың шешуі қалай

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

«Үшін, туралы, дейін, шейін» шылаулары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Үшін, туралы, дейін, шейін» шылауларының өздері қатысты сөзге әртүрлі грамматикалық мағына үстейтінін түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың шылау туралы түсініктерін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Мұғалім: «Балалар, бәрің назарларыңды маған аударыңдар».

Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Мұғалім: «Ендеше, үй тапсырмасын тексеруден бастайық».

Сұрақ:

«Ребустың шешуі қандай?» (Достық)

Әр топ өз тапсырмаларын оқиды.

Бағалау: Топтардың жауаптары тыңдалып, қорытынды жасалады.

Қайталау сұрақтары: «Шылау дегеніміз не? Шылаудың қандай түрлерін білесіңдер?»

Жаңа сабақ

Мұғалім жұмбақ жасырады:

Сөйлем ішінде тұрып,

Сөйлемді қолдайды.

Бірақ өзі бар ғой,

Сөйлем мүшесі болмайды.

Жауабы: шылау

Шылаудың қандай түрлерін білеміз?

  • 1) Да, де, та, те.
  • 2) Мен, бен, және, пен.
  • 3) Ма, ме, ба, бе, па, пе.

Осы сабақта «үшін, туралы, дейін, шейін» шылауларының сөйлемде қандай қызмет атқаратынын және қандай грамматикалық мағына үстейтінін талдаймыз.