Денені салыстырған салтанатым Тығыздық мен боламын ұғына біл
Сабақ туралы мәлімет
Орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, №16 орта мектеп-гимназиясы
Пәні: Физика
Мұғалім: Ботантаева К.А.
Тақырыбы: Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Оқушылардың білім-дағдыларын қалыптастыру.
- Күш ұғымын түсіндіру.
- Күш түрлерімен және динамометрдің құрылысымен таныстыру.
Дамытушылық
- Өлшем бірліктерін қорыта білуге үйрету.
- Танымдық қасиеттерін және шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
- Азаматтыққа және жоғары саналылыққа тәрбиелеу.
- Өмір құбылыстарының физикалық заңдылықтарға тәуелді екенін көрсету, еңбектеніп ізденуге баулу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Үй жұмысын тексеру (қысқаша тест)
-
1) 1 кг-да неше грамм бар?
A) 1000 гB) 100 гC) 0,001 г -
2) 72 км/сағ неше м/с-қа тең?
A) 10 м/сB) 20 м/сC) 15 м/с
«Еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры — ұстаздың қолында».
Н. Назарбаев
Қайталау: өлең жолдарынан физикалық шамаларды табу
Тапсырма: берілген шумақтар бойынша физикалық шаманы анықтап, оның формуласы мен өлшем бірлігін жазыңыз.
1) Жылдамдық
Қозғалыс тездігін мен сипаттаймын,
Өзімді мен әлсізге ұқсатпаймын.
Желаяқ желдей ессе зымырайды,
Шыңдасам күш өзіңе ұстатпаймын.
Шығады басқалардан асқақ әнім,
Уақыт пен жол дегенді басқарамын.
Формула
v = s / t
Өлшем бірлігі
м/с
2) Жол
Жолың болсын, жолаушы,
Жол аталған ұғыммын.
Жылдамдық пен уақыт
Сыйлайды маған көп бақыт!
Сәтті күні әрқашан,
Маған сен де жолға шық!
Жол боламын атақты,
Жолың болар, жолаушы,
Білсең жолдың ұғымын!
Формула
s = v · t
Өлшем бірлігі
м
3) Уақыт
Өткені ешкімге де сезілмейтін,
Ұғыммын уақыт атты білінбейтін.
Өлшемім сағат, минут, секунд болған,
Көзіңе елес болып көрінбеймін.
Уақыт бос өтпесін, оқы, достым!
Жасыңа әр жыл сайын бір жас қостым!
Ғасырға қадам бастық мен арқылы,
Міне, менің құдіретім — осы, достарым!
Формула
t = s / v
Өлшем бірлігі
с (секунд)
4) Көлем
Көлем атым!
Қызыл тілім, жасқанба,
Сөйле батыл!
Массаны тығыздыққа бөліп берген —
Көлемнің ерлігімен шыққан атым!
Формула
V = m / ρ
Өлшем бірлігі
м³
5) Тығыздық
Денені салыстырған салтанатым,
Тығыздық мен боламын — ұғына біл!
Салыстырып әлемді шыққан даңқы,
Денең де тығыз болсаң, шымыр болсаң.
Бұлшық ет бұлтиып бір күшке толса,
Тығыздық құдіретін түсінер ең,
Басыңа физикалық білім қонса!
Формула
ρ = m / V
Өлшем бірлігі
кг/м³
Жаңа тақырып: Күш және деформация
Күш туралы кіріспе
Қозғауға барлық затты күшім жетті.
Мен арқылы қозғалып барлық дене,
Атандым әрі күшті, әрі текті!
Мен арқылы тартылып барлық ғалам,
Өрекпіп, өр көңілім оттай жанам.
Жететін маған кім бар, кел ортаға,
Жетілді білім алып ой мен санам.
Бүгінгі сабақта сіздер күш ұғымымен танысасыздар. Халық даналығы да күштің маңызын көрсетеді: «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады», «Көптің күші — бірлікте».
Анықтама
Күш — денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама. Ол сандық мәнімен және бағытымен сипатталады.
Белгіленуі
F
Күш әдетте F әрпімен белгіленеді.
SI жүйесі
Ньютон (N)
Күштің SI бірлігі — ньютон.
Ірі бірлік
кН
1 кН = 1000 Н
1 Ньютон дегеніміз не?
1 Н — тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 секунд ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш.
Деформация ұғымы
Дененің пішіні немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атайды (лат. deformatio — бүліну, бұзылу).