Тест тапсырмалары. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: «Еліңнің тарихы — асыл мұраң»
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға Қазақстан Республикасының әлемдегі орнын анықтауға көмектесу.
- Өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, патриоттық тәрбие беру.
- Ой-өрісті кеңейту, топтастарының пікірін тыңдауға және құрметтеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер
- Ойын-сайыс түріндегі тапсырмалар
- Ауызша баяндау
- Тірек кестемен жұмыс
Көрнекілік және құрал-жабдық
- ҚР картасы, ҚР рәміздері
- Көркем қалалардың суреттері
- Интерактивті тақта, дыбыс жазбасы
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, 5-сыныпта сендер тарих пәнімен таныстыңдар. Мектепте алған білім тасқа басылған таңбадай анық болып, ешқашан ұмытылмауы тиіс. Сондықтан бүгінгі сабақта біліміміздің деңгейін байқап көреміз. Ол үшін әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар орындайсыңдар. Тапсырмалар интерактивті тақта арқылы орындалады.
Сынып 2 топқа бөлінеді. Әр топ өз жетекшісін сайлайды.
I тапсырма. Терминдермен жұмыс
Мақсаты: негізгі ұғымдарды еске түсіру
- Нумизматика нені зерттейді?
- Геральдика нені зерттейді?
- Антропология нені зерттейді?
- Иероглиф нені білдіреді және нені зерттеуге қатысты ұғым?
- Археология нені зерттейді?
- Этнография ғылымы нені зерттейді?
- Ономастика нені зерттейді?
- Топонимика нені зерттейді?
II тапсырма. Деңгейлік сұрақтар (10/20/30 балл)
Интерактивті тақтада 10, 20 және 30 балдық үш деңгейге бөлінген сұрақтар ұсынылады. Әр оқушы өз қалауынша деңгей таңдап жауап береді. Қай топтың жалпы ұпайы жоғары болса, сол топ жеңіске жетеді.
10 балдық сұрақтар
- Хижра дегеніміз не?
- Ежелгі гректердің түсінігі бойынша Жер қандай болған?
- Қазақстан Республикасында қанша облыс, қанша қала, қанша аудан бар?
- XVIII ғасырдың 30 жылы қай жыл болады? (1730 жыл) XVI ғасырдың 20-жылы? (1520 жыл)
20 балдық сұрақтар
- Қазақстанның табиғаты туралы не айта аласың?
- «Карта» сөзі қандай мағына береді?
- Қазақстанның қандай қазба байлықтары бар?
- Қызылорда қай өңірге жатады? Маңғыстау ше? Қарағанды ше?
30 балдық сұрақтар
- Қазақстан халқы қалай көпэтносты мемлекетке айналды?
- Қазақстанның әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі екенін дәлелде.
- Қазақ жері туралы картографиялық мәліметтерден не білесің?
Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, жиналған «алмалар» бойынша ұпайлар есептеледі.
III тапсырма. Ойын: «Кім жылдам?»
Екі топтан екі оқушы шығады. Тапсырма: берілген сандарды ретімен орналастырып, араб және рим цифрларымен жазу. Жылдамдық, уақыт және орындау дұрыстығы ескеріледі.
I топ үшін
I; X; II; IV; III; V; VI; IX; VII; VIII
II топ үшін
3; 5; 9; 10; 8; 6; 7; 1; 2; 4
IV тапсырма. «Иә / Жоқ» арқылы білімді тексеру
Оқушылар тұжырымдардың дұрыс-бұрыстығын «Иә» немесе «Жоқ» деп белгілейді.
| № | Тұжырым | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Б.з.б. 484–425 жылдары өмір сүрген грек тарихшысы — Геродот. | Иә |
| 2 | «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») кітабының авторы — Сыма Цянь. | Жоқ |
| 3 | Шығыста «тарихтың атасы» деп Сыма Цяньді атайды. | Иә |
| 4 | Қазақстан тарихы бес кезеңге бөлініп оқытылады. | Жоқ |
| 5 | 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды» Рашид ад-Дин қалдырды. | Жоқ |
| 6 | Тарихи жазба деректерге патшалар мен әкімдердің заңдары, мемлекеттік және сауда құжаттары сияқты материалдар жатады. | Иә |
| 7 | Кітап басуды XV ғасырда неміс шебері Иоганн Гутенберг ашты. | Иә |
| 8 | Қазақстанның орыс әліпбиіне көшкен уақыты — 1940 жыл. | Иә |
| 9 | Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар — үнділер. | Жоқ |
| 10 | «Алтын киімді адам» Есік қорғанынан табылды. | Иә |
V тапсырма. Ойын: «Ежелгі адамдар қолданған заттар»
Интерактивті тақтада ежелгі адамдар қолданған заттар мен еңбек құралдары қазіргі заманғы техника және үй жиһаздарымен араластырып беріледі.
Тапсырма: үлкен үңгір бейнесінің жанына ежелгі адамдар пайдаланған заттарды тез әрі дұрыс жинақтау.
VI бөлім. Тест тапсырмалары
10 сұрақ • өзін-өзі бағалау
Бағалау критерийі
- 1–6 дұрыс жауап — «3»
- 7–8 дұрыс жауап — «4»
- 9–10 дұрыс жауап — «5»
-
«Тарих» сөзі қандай мағына береді?
- A) Өткен оқиға жайлы әңгіме
- B) Жыл санау
- C) Қағазға түсіру
- D) Өткенді еске сақтау
-
«Тарих атасы» деп кімді атайды?
- A) Страбонды
- B) Геродотты
- C) Птоломейді
- D) Эратосфенді
-
Ежелгі Қазақстан тарихы неше бөлімнен тұрады?
- A) Үш
- B) Екі
- C) Бір
- D) Төрт
-
Қазіргі кезде дүниежүзіндегі көптеген елдер жыл санауды қандай оқиғамен байланысты қолданады?
- A) Иса Мәсіхтің туған жылынан бастап
- B) Әлем жаралғаннан бастап
- C) Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединеге қоныс аударуымен
- D) Ніл өзенінің тасуымен
-
Жеті ата шамамен қанша жылға созылады?
- A) 175–210 жылдай
- B) 150–180 жылдай
- C) 190–300 жылдай
- D) 130–160 жылдай
-
Бір ұрпақтың қамтитын уақыты:
- A) 30–40 жас
- B) 25–30 жас
- C) 40–50 жас
- D) 35–45 жас
-
Қазақстанда өмір сүретін ұлттар саны:
- A) 130
- B) 130-дан кем
- C) 130-дан артық
- D) 150
-
Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеген ғалымдар қай өркениетке жатады?
- A) Ежелгі Қытай
- B) Ежелгі Грекия
- C) Ежелгі Вавилон
- D) Ежелгі Египет
-
Дүниежүзі картасына қазақ жерін түсірген ғалым, «Диуани лұғат-ат түрік» кітабының авторы:
- A) Әл-Хорезми
- B) Махмұд Қашқари
- C) Әл-Фараби
- D) Қ. Жалайри
-
IX–X ғасырда Арал теңізін картаға түсірген:
- A) М. Қашқари
- B) Әл-Фараби
- C) Әл-Хорезми
- D) Араб саяхатшылары
Тест аяқталғаннан кейін интерактивті тақтада дұрыс жауаптар көрсетіледі. Оқушылар өз жұмыстарын өздері тексеріп, бағалайды.
VII бөлім. Қазақстан қалаларына шолу
Слайд материалдары арқылы Қазақстан қалаларына қысқаша шолу жасалады.
VIII бөлім. Сабақты қорытындылау
Сабақ соңында топтардың ұпайы қорытындыланып, белсенді қатысқан оқушылар атап өтіледі. Оқушылардың алған білімі мен дағдысы талданып, келесі сабақтарға мақсат қойылады.