Отаншыл өлеңдері

Сабақтың тақырыбы

Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері (презентациямен).

Сабақтың мақсаты

  1. Білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру; өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу.
  2. Дамытушылық: көркем ойлау мен жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Тарих, өнер, география

Көрнекіліктер

  • Ж. Жабаевтың суреті
  • Шығармалар жинағы
  • Буклет
  • Слайд-презентация

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.
  3. Сынып тазалығына назар аудару.
  4. Оқушы назарын сабаққа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ілияс Жансүгіровтің асқан ақындық таланты поэма жанрында әсіресе айқын көрінеді. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Ақынның қандай поэмаларын білесіңдер?
  2. «Күй», «Күйші» поэмаларының негізгі тақырыбы қандай?
  3. Кенесары хан туралы қай поэмасында айтылады?
  4. «Дала» поэмасы Қазақстанның неше жылдық тойына арналған?
  5. «Дала» поэмасы қандай тараулардан тұрады?
  6. Осы поэмада ақын көбінесе қандай көркемдік тәсілді қолданған?
  7. «Құлагер» поэмасында кімнің өмірі суреттеледі?

III. Жаңа сабақ

Слайд 1

«Жүз жыл жырлаған жүрек»

Слайд 2

«Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен».
М. Әуезов

Ой қозғау сұрақтары

  1. Жамбыл Жабаевты қай шығармалары арқылы жақсы білесіңдер?
  2. Қазақ әдебиетінде ақынның алатын орны қандай?

Мұғалімнің түсіндірмесі

  1. Ақынның дүниеге келуі.
  2. Ұстаздары мен ақындық ортасы (Сүйінбайдан Жамбылдың бата алу сәті — слайд 3).
  3. Айтыстары.
  4. Сатиралық өлеңдері.
  5. Отаншыл өлеңдері.
  6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.

IV. Сабақты бекіту

Хронологиялық кесте

Жылдар Негізгі оқиғалар
1846 ж. Ақын дүниеге келді.
1863–1864 жж. Қоқан хандығы билік құрды.
1881 ж. Құлмамбетке қарсы айтыста жеңіске жетті.
1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс кезеңі.
1936 ж. Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі.
1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысы.
1945 ж. Дүниеден өтті.

Шығармалар (мысалдар)

  • «Кедей күйі»
  • «Зілді бұйрық»
  • «Патша әмірі тарылды»
  • «Туған елім»
  • «Ленинградтық өренім»
  • «Ата жаумен айқастық»

Сыныптық жұмыс

  1. Оқушылар Жамбылдың жатқа білетін өлеңдерін айтады (әсіресе соғыс жылдарындағы шығармалар).
  2. «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдері мәнерлеп оқылады.
  3. Мазмұны мен идеясы талданады.
  4. Өлеңнен кейіпкерлер анықталады.

Кейіпкерлер әлемі

көпес халық патша губернатор жандарал пристав болыс

Өлең құрылысына талдау («Зілді бұйрық»)

Верныйдың қадам баспай қаласына — а Кемпір, шал жылап жатыр баласына — а Ешбір ем табылмады іздесе де — б Халықтың жүректегі жарасына — а

Құрылымы: 4 тармақ, 1 шумақ, 11 буын, 3 бунақ. Ұйқасы: қара өлең ұйқасы.

Әдеби-теориялық талдау

Өлеңнен көркемдегіш құралдарды анықтау (теңеу, аллитерация және т.б.).

Теңеу

«Көкорайға жайылған секілді едік үйрек, қаз»

Аллитерация (мысал)

Көген көзді қосақтап, Қалай қиып берерміз?! Көздің жасы моншақтап, Көңіл шер боп өлерміз. Көк жайлауды қалдырып, Қайда көшіп кетерміз?!

V. Сабақты қорытындылау

Топтастыру

Жамбыл: ұстаз ақын шәкірт дастан

VI. Үй тапсырмасы

«Ақ басты Алатаудың Жамбылымын» тақырыбында шығарма жазу.

VII. Бағалау

Оқушылар жауаптарының толықтығы мен белсенділігіне қарай бағаланады.