Жақсылыққа - жақсылық
Сабақтың мақсаты
Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңызын терең түсіндіру, оқушылардың ұғымын кеңейту және жақсылықты құндылық ретінде ұғындыру.
Міндет 1
Оқушылардың жақсылық жасау туралы білімін кеңейту.
Міндет 2
Жақсылық жасау іскерліктерін дамыту.
Міндет 3
Мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі: «Тыныштық сәті» — Нұрға бөлену
Сабақты тыныштық пен зейінге бағытталған қысқа медитация арқылы бастау.
Дайындық
- Ыңғайланып отырыңыздар, денені түзу ұстаңыздар.
- Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар, қолды тізеге немесе үстелге қоюға болады.
- Көздеріңізді жұмып, тынысыңызды бірқалыпқа келтіріңіздер.
Негізгі бағыт
Күн нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай баяу таралып бара жатқанын елестетіңіз. Кеудеңіздің ортасында гүл бүршігі бар. Ол нұрдың әсерінен біртіндеп ашылып, сіздің ойыңызды, сезіміңізді, эмоцияңызды тазартып, жүрек кеңістігін жұмсартады.
Нұрдың таралуы
Қол: Қолдарыңыз нұрға бөленіп, тек ізгі іс жасап, көмектесуге бағытталсын.
Аяқ: Аяқтарыңыз сізді жақсылық жасайтын жақсы жерлерге бастап барсын.
Тіл: Тіліңіз шындықты және мейірімді сөздерді ғана айтсын.
Құлақ: Құлағыңыз жақсы сөзді, әсем әуенді ғана естісін.
Көз: Көзіңіз әр нәрседен жақсылықты көре білсін.
Ой: Басыңыз түгелдей нұрға толып, ізгі, сәулелі ойлар орнықсын.
Нұрды бөлісу
Нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да нұр жолдаңыз: олардың жүрегі де мейірімге толсын. Нұр бүкіл әлемге — барлық адамға, жан-жануарға, өсімдікке, тірі жанға таралсын. Ғаламның түкпір-түкпіріне нұр жіберіңіз.
Іштей қайталаңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен — нұрмын.»
Осы тыныштық пен махаббат күйін сақтай отырып, нұрды жүрегіңізге орнықтырыңыз. Жайлап көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Қысқа рефлексия сұрақтары
- 1 «Тыныштық сәті» сізге ұнады ма?
- 2 Қандай сезімде болдыңыздар?
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Қуанамын» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу.
Пікір алмасу
Үй тапсырмасы бойынша қысқаша ой бөлісу, идеялармен алмасу.
3) Әңгімелесу
- 1 «Жақсылық» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- 2 Жақсылық жасау деген не?
- 3 Жақсылық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер болады?
- 4 Жақсылық жасау — адамның парызы ма?
4) Мәтінмен жұмыс
«Жақсылыққа — жақсылық» (ертегі)
Ертегі мазмұны бойынша ой қорытып, өмірлік мәнін ашу.
Пысықтау сұрақтары
- 1 Бала өзімшілдіктен қалай арылады?
- 2 Өмірден алған сабақтарынан бала тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін?
- 3 Өздеріңнің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?
5) Дәйексөз
«Жақсы сөз — жарым ырыс.»
Жақсы сөздің адамға қуат беріп, қарым-қатынасты жақсартатынын талқылау.
6) Топпен ән айту
«Біз — өміріміздің гүліміз»
Сөзі: Ә. Дүйсенбиев
Әні: Б. Ғизатов
7) Үй тапсырмасы
«Жақсылық жасау — адамның парызы ма?» тақырыбында ой толғау жазу.
8) Соңғы тыныштық сәті
Сабақты қорытындылайтын қысқа тыныштық: бүгінгі түсініктерді жүрекке түю.
Ыңғайланып отырыңыздар. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабақтан нені түсіндік, қандай нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық — соны ой елегінен өткізейік. Осы ойлардың барлығын жүрегімізге сақтап, жадымызға түйіп алайық. Әуен бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуға болады.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!