Сұрақтарға жауап жазу

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы жүйеленген ұғым қалыптастыруға мүмкіндік беру.

Дамытушылық

Өз бетімен жұмыс арқылы теориялық ойлауды және ауызша сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік

Достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Негізгі ұғым

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін, толық мағыналы сөздерсөйлем мүшелері деп аталады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабаққа даярлық, оқу құралдарын реттеу, сынып назарын жинақтау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

11-жаттығу: сұрақтарға жауап жазу.

Оқушылар өз сөйлемдерін оқиды, сөйлемдер талданады.

III. Өткенді пысықтау (жан-жақты тексеру)

Сұрақтар

  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
  • Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

Сөйлем құрастыру тапсырмасы

Көрнекіліктерді пайдаланып, берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

  1. Біз ауамен дем аламыз.
  2. Таза ауа денсаулыққа өте пайдалы.
  3. Үйдің ауасын әр уақытта таза сақтаңдар.

IV. Жаңа білімді меңгерту

Грамматикалық-тілдік жаттығу (14-жаттығу)

С. Торайғыровтың төмендегі жолдарын түсініп, мәнерлеп оқыңдар:

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең, жаттап, тоқы көңілге.

Өлеңдегі әр сөзге сұрақ қойып, талдаңдар.

Дәптермен жұмыс

  • Көркем жазу.
  • 15-жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп жазу.
  • Мәтіндегі әр сөздің үстіне тиісті сұрағын қою.

Талқылау сұрақтары

  • Шекарашылар деп кімдерді айтамыз?
  • Олардың біз үшін маңызы қандай?
  • Сен шекарашы болғың келе ме? Неліктен?

«Қане, ойланып көрелік» (проблемалық сұрақ)

Қалай ойлайсыңдар: сөйлемдегі қандай сөздер нақты сұраққа жауап береді?

Қорытынды: сөйлемдегі толық мағыналы сөздер ғана нақты сұраққа жауап береді.

Ереже: сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады.

Ережені оқу, талдау және есте сақтау.

Оқулықпен жұмыс (16-жаттығу)

Екі сөзден құралған сөйлемдерді толықтырып жазу.

  • Асқар атпен келді.
  • Дана доп ойнады.
  • Қойлар өрісте жайылды.
  • Құлын су ішті.
  • Қыздар гүл терді.

Мәтінмен жұмыс (17-жаттығу)

Мәтінді оқып, түсіндіріп, көркем етіп көшіріп жазыңдар:

Мәлік Ғабдуллин — ғалым. Ұлы Отан соғысына қатысты. Өзінің ерлігімен ерекшеленді. Оған Батыр атағы берілді. Соғыстан соң ол халқына адал қызмет етті.

  • Әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін анықтаңдар.
  • Сөз саны мен сөйлем мүшелерінің саны әрдайым бірдей болмайтынын байқаңдар.

Ойын: «Кел, мақал құрастырайық»

Шарты: сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ берілген сөздерден мақал құрастырып жазады. Бірінші әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

  1. Тігіншіні инесі асырайды.
  2. Шәкірт ұстаздан озар.
  3. Жақсы сөзге жан семірер.

Жұмбақпен жұмыс (18-жаттығу)

Жұмбақты оқып, мағынасына қарай және суретке сүйеніп, шешуін табыңдар.

  • Алғашқы сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар?
  • Екінші сөйлемде ше?

V. Рефлексия

«Білімді тізбек» ойыны

Оқушыларға вагондары жоқ тепловоздың суреті көрсетіледі. Вагондар — сөйлем мүшелері туралы білетін мәліметтеріңе сәйкес келеді: кім көп мәлімет айтса, соның «вагоны» да көп болады. Әр мәлімет шартты түрде бір вагонға тең деп есептеледі.

Белгілі уақыттан соң ойын тоқтатылып, жиналған мәліметтер салыстырылады да, жеңімпаз анықталады.

VI. Қорытындылау

Толықтыру тесті

Төмендегі ережені толықтыр:

Сөйлем мүшелері дегеніміз — сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздер.

Өзін-өзі бағалау

«Өзін-өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар әр тапсырмаға ұпай қойып, өз білімін бағалайды.

VII. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауы бойынша беріледі (оқулықтағы келесі жаттығулар және сөйлем мүшелерін анықтау).

VIII. Оқушыларды бағалау

Сабақ бойындағы белсенділік, тапсырмалардың орындалуы және өзін-өзі бағалау парағы негізінде бағаланады.