Жазба жұмысының мәтінімен таныстыру
Сабақ туралы мәлімет
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы (6-сынып).
Сабақтың тақырыбы
Диктант: «Жыл мезгілдері»
Сабақтың түрі
Білімді тексеру сабағы (жазба жұмысы).
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Мәтінмен жұмыс
- Грамматикалық тапсырма
Көрнекілік және пәнаралық байланыс
Көрнекілік: мәтін, тақта.
Пәнаралық байланыс: табиғаттану, орыс тілі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Модуль бойынша өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптардан білім деңгейін тексеру.
- Оқушылардың тілдесім әрекеттерін арттыру.
- Емле және тыныс белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық
Көру және есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйрету.
Тәрбиелік
- Жазба жұмысы кезінде тәртіпті қатаң сақтауға баулу.
- Бір-біріне кедергі жасамай, жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
- Табиғатты сүюге және қорғауға үйрету.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру.
- Жазба жұмысқа психологиялық дайындық қалыптастыру.
2) Жаңа сабаққа кіріспе
Сабақтың тақырыбы, мақсаты және жұмыс кезеңдері түсіндіріледі.
Тақырыпты ребус арқылы анықтау
Ж — жылан
Ы — ыдыс
Л — лақ
М — мысық
Е — есік
З — зәкір
Г — гүл
І — із
Л — лилия гүлі
Д — доп
Е — ет
Р — радио
І — ілгіш
Алдын ала білімді тексеру (сұрақ-жауап)
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Бір мезгілде неше ай бар?
- Қыс айларын атаңдар.
- Көктем айларын атаңдар.
- Жаз айларын атаңдар.
- Күз айларын атаңдар.
3) Диктант мәтіні
Жыл мезгілдері
Бір жылда төрт мезгіл — көктем, жаз, күз және қыс бар.
Көктем айлары — наурыз, сәуір, маусым. Қар наурыз айында ери бастайды. Сәуір айында барлығы көктей бастайды.
Жаз айлары — маусым, шілде, тамыз. Жаз маусымнан басталып, қыркүйекке дейін созылады. Шілде — ең ыстық ай. Тамызда кейде жаңбыр жауады.
Күз айлары — қыркүйек, қазан, қараша. Қазан мен қараша айлары жауынды және салқын болады.
Қыс айлары — желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыстың ең суық айы — қаңтар. Желтоқсанда күн қысқарып, түн ұзарады.
Мазмұнын түсінуді тексеру сұрақтары
- Жыл мезгілдерін атаңдар.
- Қай айда қар ери бастайды?
- Қай айда барлығы көктей бастайды?
- Жаз қай айдан қай айға дейін созылады?
- Қазан мен қараша айларында ауа райы қандай болады?
- Қыстың ең суық айы қайсы?
4) Жазба жұмысындағы талаптар
- Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын мұқият орындау.
- Сабақ барысында зейін қойып тыңдап, асықпай, қатесіз жазуға тырысу.
- Түсінбей қалған тұсты жанындағы оқушыдан сұрамай, басқаларға кедергі келтірмеу; қажет болса мұғалімнен сұрау.
- Таза әрі ұқыпты жазуды ұмытпау.
5) Тілдік дайындық
- Қазақ тілінің төл дыбыстарының емлесі.
- Тәуелдік және септік жалғаулары.
6) Жаңа сөздермен жұмыс
7) Грамматикалық тапсырма
Мәтіннен тәуелдіктің III жағында тұрған сөзді тауып, оны септеңдер.
8) Үй тапсырмасы
Өтілген ережелерді қайталау.