Барлық бұрыштарын табыңдар
Сабақтың тақырыбы
Төртбұрыштардың аудандары тақырыбы бойынша есептер шығару.
Сабақтың мақсаты
Білімді бекіту
Оқушылардың «Төртбұрыштардың аудандары» тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау және бекіту. Аудандарға берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
Дағдыларды дамыту
Есеп шығару барысында ережелер мен формулаларды дұрыс қолдана білу, логикалық ойлау және талдау жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Ойды қорытындылап, математикалық тілде нақты жеткізе білуге баулу; ұқыптылыққа, нақтылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
- Компьютер және интерактивті тақта
- Сабаққа арналған слайдтар
- Деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар
Сабақтың түрі
Білімді жүйелеу және жалпылау сабағы.
Сабақ ұраны: «Кім көп біледі, сол ұтады».
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру
- Үй жұмысын тексеру
Қайталау және бекіту
- Слайдтар арқылы формулаларды қайталау
- «Аудандар» тақырыбы бойынша есептер шығару
- Үлестірме қағаздар бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау (өзіндік жұмыс)
Ауызша есептер
№1
АуызшаБір қабырғасы екіншісінен 2 есе ұзын, ал ауданы 32 см2 болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
№2
АуызшаҚабырғасы 16 см, ал бұрыштарының біреуі 30° болатын ромбтың ауданын табыңдар.
№3
АуызшаПараллелограмның үш бұрышының қосындысы 280°. Барлық бұрыштарын табыңдар.
№4
АуызшаТең бүйірлі трапецияның диагоналі бүйір қабырғасымен 120° бұрыш жасайды. Бүйір қабырғасы кіші табанына тең болатын трапецияның бұрыштарын табыңдар.
Тақтада шығаратын есептер
№5–№8 есептерді тақтада шығару арқылы оқушылардың есеп шығару дағдыларын дамыту.
№5
ABCD параллелограмы берілген. AB және BC қабырғалары тең.