Метр - ұзындықтың өлшем бірлігі
Сабақ тақырыбы
Тақырып
Метр — ұзындықтың өлшем бірлігі
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Технология / әдістер
- •Дамыта оқыту
- •Ізденісті-проблемалық тәсіл
- •Сарамандық жұмыс
- •Топаралық жарыс
Мақсаттар
1) Білімдік
Күнделікті өмірде жиі кездесетін ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі — метрді енгізудің қажеттілігін түсіндіру. Оқушыларды метрмен және метр арқылы ұзындық өлшеудің мәнімен таныстыру; метр, дециметр, сантиметр бірліктерінің өзара байланысын ұғындыруға жағдай жасау. Сынық сызық ұғымын енгізу және геометриялық фигураларды дұрыс атай білуге үйрету.
2) Дамытушылық
Бір амалмен шығарылатын есептерді шығару дағдыларын дамыту. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру біліктерін бекіту.
3) Тәрбиелік
Алған білімді тәжірибеде қолдануға қызығушылық пен құштарлықты ояту.
Көрнекіліктер
Сантиметрлік лента, сызғыш
Кесте, интербелсенді тақта
Мата дүкені бейнеленген слайд
Күшік пен қоянның суреттері
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын бөлсең басыңнан —
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың да солар табылады қасыңнан.
Осы өлең жолдарымен математика сабағын бастаймыз.
Қайталау сұрақтары
- •Балалар, математика сабағында біз нелермен таныстық?
- •Геометриялық пішіндерді танимыз және оларды өлшей аламыз.
- •Мынау қандай пішін? (Тік төртбұрыш)
Практикалық бағыт
Сабақ барысында тақтадағы ақ бетке «жан бітіру» үшін барлығымыз белсенді қатысамыз. Тақтадан заттардың суреттерін қараймыз және дәптерді, кітапты, сурет дәптерін өлшеп, әріптермен белгілейміз. Әр кесіндінің ұзындығын атап шығамыз.
Негізгі ережелер
1 метр (м) = 10 дециметр (дм)
1 метр (м) = 100 сантиметр (см)
Қорытынды: Метр — ұзындықтың өлшем бірлігі.
1-тапсырма: ауызша жұмыс
Бірліктерді түрлендіріңіз:
1 дм = … см
1 м = … см
1 м = … дм
1 дм 5 см = … см
10 дм = … см
2-тапсырма: №2 есеп (тақтада)
A) Қосу
3 дм + 7 дм = 10 дм = 1 м
30 + 70 = 100
3 ондық + 7 ондық = 10 ондық = 1 жүздік
Ә) Қосу
2 дм + 8 дм = 10 дм = 100 см
20 + 80 = 100
2 ондық + 8 ондық = 10 ондық = 1 жүздік