Сөз құрастыру

Мақсаты

  • Ата-аналарды сынып пен мектеп өміріне белсенді қатыстыру.
  • Балаларды ата-аналарымен бірлескен әрекетке тарту.

Көрнекіліктер

Қабырға газеті, қанатты сөздер, слайд.

Негізгі ой

Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын отбасында игереді.

Өту барысы

Армысыздар, ағайын, ата-аналар! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдас!

Бүгінгі күн әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!

«Ата-анам, ұстазым және мен» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Біздің мақсатымыз — ата-аналарды сынып, мектеп өміріне қатыстыру және балалармен бірлескен әрекетке тарту.

Сайыс бағдарламасы

  1. Кел, танысайық
  2. Сөз тапқанға қолқа жоқ
  3. Мақал — сөздің мәйегі
  4. Сөз құрастыру
  5. Өнерлінің өрісі кең
  6. Күлкі — өмір ұзартар

Әділқазы алқасы

Дәстүрімен қазақтың, елге еңбек етейік.
Адалдықпен әрқашан, әділдікке жетейік.

Бүгінгі сынның бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық:

  • 1

    Бақтыгереева Г.

  • 2

    Бікірова Г.

  • 3

    Жақсыбай А.

«Сәлем — сөздің анасы»

Мұны еңкейген қарт та, еңбектеген бала да біледі. Амандасу — ізгіліктің әрі сыпайылықтың белгісі.

Сайыс кезеңдері

I. Кел, танысайық

Әр отбасы өзін таныстырады.

II. Сөз тапқанға қолқа жоқ

Тапқырлық ойыны

Ереже: қатысушыларға әріптер таратылады. Берілген сұрақтарға қолындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беру керек.

I топ

  1. Атыңыз кім?
  2. Жағдайыңыз қалай?
  3. Қар қашан жауады?
  4. Жалқаусыз ба?
  5. Қазақстан мемлекетін қалай мақтан етесіз?
  6. Әнұранның сөзін кім жазған?
  7. Қандай кітапты көп оқисыз?

II топ

  1. Астанамыз қай қала?
  2. Қазір қайда тұрасыз?
  3. Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл болды?
  4. Жазушы немен жазады?
  5. Еліміздің көшбасшысы кім?
  6. Балықта аяқ бола ма?
  7. Жер шары қандай?

III топ

  1. Көңіл-күйіңіз қалай?
  2. Жаңа жылдың сәні не?
  3. Қай ауылда тұрасыз?
  4. Сүйіп тыңдайтын әншіңіздің аты кім?
  5. Сізге қай қала ұнайды?
  6. Өлеңді кім жазады?
  7. Қандай түсті ұнатасыз?

III. Мақал — сөздің мәйегі

Қатысушыларға 10 мақалдың басы беріледі. Жалғасын бірінші болып айтқан топқа ұпай қосылады.

  1. Жалғыз жүріп, жол тапқанша көппен жүріп, адас.
  2. Жақсы дос — жанға серік жаман дос — малға серік.
  3. Туған жердің күні де ыстық үні де ыстық.
  4. Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
  5. Талант қартаймайды білім ортаймайды.
  6. Өнер — ағып жатқан бұлақ ғылым — жанып тұрған шырақ.
  7. Ашқарақ баланың көзі — тамақта ақылды баланың көзі — сабақта.
  8. Ит тойған жеріне ер туған жеріне.
  9. Елінен безген ер оңбас көлінен безген қаз оңбас.
  10. Білім алмай «болдым» деме еңбек етпей «толдым» деме.

Жүректен шыққан сөз

Қастерлеп бабалардың даналығын, әр сөзінен өзіме үлгі аламын.

IV. Сөз құрастыру

Қағазда жасырылған сөздерді бір-бірден аламыз. Сол сөзден бірнеше жаңа сөз құрап шығамыз.

Негізгі сөз

Қазақстан

Негізгі сөз

Тәуелсіз

Негізгі сөз

Мемлекет

V. Өнерлінің өрісі кең

Ата-аналар мен балалардың өнерін тамашалайық. Әр отбасы өз өнерін көрсетеді.

Өнеріне ата-ананың тән болайық,
Көру үшін өнерін тамашалап,
«Өнерліге өріс кең» кезеңімізді бастайық.

VI. Күлкі — өмір ұзартар

Үй тапсырмасы бойынша ата-ана мен бала көрермендерді күлдіруі керек.

Қорытынды

Жеңістер мен жеңілістен тұратын өмір — күрес. Ол мұратқа жеткізе ме? «Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжімеңіз: қатысудың өзі — бір жеңіс.

Ендігі сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.