Деңгейлік есептер шығару

Сабақ туралы мәлімет

Пән
Алгебра
Сынып
7
Тақырып
Көпмүше және оларға амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты

Көпмүшелерге амалдарды дұрыс қолдана білу және түрлендіру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері

  • Көпмүше анықтамасын есеп шығаруда тиімді қолдану.
  • Көпмүшеге қатысты есептерді шығару дағдыларын дамыту.
  • Математикалық тілде сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Салыстыру
  • Сөздік әдіс
  • Жеке ізденіс
  • Проблемалық оқыту

Өткізу формалары

  • Ұжымдық, жеке, жұптық жұмыс
  • Бірін-бірі тексеру
  • Өзін-өзі тексеру
  • Деңгейлік оқыту

Көрнекіліктер және технология

Кеспе қағаздар, плакаттар, слайдтар, саралап оқыту, АКТ (интерактивті тақта).

Пәнаралық байланыс

Психология, тарих, информатика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сұрақтар

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар?
  • Біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
  • Бірмүше мен көпмүше туралы білімдеріңді тексеріп көрейік.

Психологиялық дайындық: оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, жұмысқа ынталандыру.

Қызығушылық ояту

1-сұрақ. Бір кісі үйге кірді. Үйде шам және керосин шамы бар. Ол ең алдымен нені жағады?

Жауабы: шырпыны.

2-сұрақ. Отбасында 4 ұл бар. Олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар. Отбасында барлығы неше бала?

Жауабы: 5 бала.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тексеру сұрақтары

  1. Бірмүше және көпмүше ұғымдарының арасында қандай байланыс бар?
  2. Көпмүшенің дәреже көрсеткіші қалай анықталады?
  3. Көпмүшелерді қосу, көбейту және жақшаны ашу түрлендірулерінің байланысы қандай?

Жаттығулар

  • №103 (3, 4)
  • №104 (3, 4)

Интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар арқылы оқушылар өзін-өзі тексереді.

III. Есептер шығару

№1. Жеке жұмыс

Әдісі: салыстыру

Бірмүше vs көпмүше

Берілген өрнектерді екі бағанға топтастырып, қайсысы бірмүше, қайсысы көпмүше екенін анықтаңдар:

3x·(-2)·y 5ab 2ax² + by + 7 x + 7 9xz 4x² + 3y + a -7y x + y + z 6

Бірмүшелер

  • 3x·(-2)·y
  • 5ab
  • -7y
  • 6
  • 9xz

Көпмүшелер

  • 2ax² + by + 7
  • x + 7
  • 4x² + 3y + a
  • x + y + z

№2. Жұптық жұмыс

Әдісі: ізденушілік

Ұқсас мүшелерді біріктіру

Ұқсас мүшелерді біріктіріп, көпмүшенің дәрежесін анықтаңдар:

5a²b - 5ab² - ab - 2a²b + 10ab²

= 3a²b + 5ab² - ab

Бұл көпмүшенің дәрежесі 3-ке тең.

№3. Сәйкестік тест

Тақырып: үлестірімділік заңын қолдану

Теңбе-тең түрлендіру

Көбейтудің үлестірімділік заңын қолданып, түрлендіргенде алынатын өрнектердің сәйкестігін табыңдар:

3(2ax + 5y + 7)

Сәйкестігі

6ax + 15y + 21

2a(4x + y)

Сәйкестігі

8ax + 2ay

5xy(x + 3y)

Сәйкестігі

5x²y + 15xy²

№4. Ұжымдық жұмыс

Әдісі: проблемалық

Алгоритм құрастыру

Бірмүшелерді көбейту алгоритмі

(-3a²b⁴c²) · (6a³b²cd) = -18a⁵b⁶c³d

  1. Коэффициенттер көбейтіледі.
  2. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады.
  3. Тек бір көбейткіште ғана кездесетін айнымалылар өзгеріссіз қалады.
  4. Алынған нәтижелер біріктіріліп жазылады.

Бірмүшені көпмүшеге көбейту алгоритмі

6ab(2a - 3b + 4) = 12a²b - 18ab² + 24ab

  1. Бірмүше көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіледі.
  2. Алынған көбейтінділер қосылады.

№5. Деңгейлік тапсырмалар

Мақсаты: дағдыны бекіту және күрделендіру

1 деңгей №108

1)

6x(2x - 1) - 7x = 12x² - 13x

2)

2(5x - 4y + 1) - 3(3x - 3y - 1) = x - 8y + 5

3)

a + b + c - (a - b - c) = 2b + 2c

4)

7(2a + 5b) - 5(3b - 4a) = 34a + 20b

№109

(8x² + 9y² + 2xy - x)(-5y) = -40x²y - 45y³ - 10xy² + 5xy

2 деңгей №116

Тапсырма оқушының дайындығына қарай орындалады (саралап оқыту).

3 деңгей №123

Қосымша күрделендірілген есептер.

№6. Шығармашылық жұмыс

Жаңа білімді жобалау

Тірек сызба

Өздерің бірмүше мен көпмүшені көбейтуге арналған өрнек құрастырып, жаңа мәліметті жобалаңдар.

  • Жасалған жоба бойынша қандай тұжырым жасайсыңдар?
  • Бірмүшені көпмүшеге көбейтудің тірек сызбасын құрастырыңдар.

Үлгі жоба

Бірмүше

5x²y

Көпмүше

2x²y² - 3xy² + 5xyz - 9

Нәтиже (көбейтінді)

10x⁴y³ - 15x³y³ + 25x³y²z - 45x²y

IV. Сабақты қорытындылау

Оқушылармен кері байланыс жүргізу үшін төмендегі сұрақтар талқыланады:

  • Бүгінгі тақырып несімен қызықты болды?
  • Өздерің үшін қандай жаңалық алдыңдар?
  • Қай тапсырма шығармашылықты көбірек дамытты?
  • Ізденіс тапсырмалары ұнады ма?
  • Қойылған мақсаттарға жеттік пе? Қысқаша дәлелдеңдер.

V. Үй тапсырмасы

1 деңгей
№111
2 деңгей
№119
3 деңгей
№124

VI. Бағалау

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.