Сайысқа қатысушы топтар

«Тапқыр достар» сайысы (презентациямен)

Бұл сайыс дене тәрбиесі пәні арқылы оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыруға, тіл мәдениетін сақтауға, тіл тазалығын қорғауға және сөз өнеріне баулуға бағытталған. Сонымен қатар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Мақсаты

  • Спортқа қызығушылықты арттыру
  • Тіл мәдениеті мен тіл тазалығын қалыптастыру
  • Сөз өнеріне баулу
  • Ойлау қабілетін дамыту

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Кеспе қағаздар
  • Түрлі-түсті слайдтар

Мұғалім сөзі

Дене тәрбиесі — валеология ғылымдарының бір саласы. Ол көне заманда Грекияда, Римде және басқа да елдерде дамыған, бұл туралы ғылыми тұрғыда жинақталған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы — адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, сондай-ақ ақыл-ойын дамыту.

Сайыс құрылымы

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде жылдамдық, тапқырлық, тіл шеберлігі және спорттық дайындық қатар бағаланады.

  1. 1-кезең: Таныстыру

    Старт

    Әр топ өзін таныстырады. Қосымша жаттығу: кеспе сөздерден сөйлем құрастыру (30 секунд ішінде).

  2. 2-кезең: «Сөз тапқанға…»

    Тіл

    Әр топқа әріптер беріледі, сұрақтарға сол әріптен басталатын жауап айту керек.

  3. 3-кезең: «Ойлан тап»

    Ой

    Тақтадағы сурет бойынша бірнеше мақал-мәтел құрастыру. Көп айтқан сайын ұпай көбейеді.

  4. 4-кезең: «Сен білесің бе?»

    Білім

    Ұяшықтағы ұпайды таңдап, артындағы сұраққа жауап беру. Жауап табылмаса — ұпай берілмейді.

  5. 5-кезең: «Кім жылдам?»

    Жылдамдық

    Сөздерді жұмбақтап жасыру. Көрермендер дұрыс жауабын айтады.

  6. 6-кезең: «Өнерпаз болсаң…»

    Спорт

    Оқушылар берілген спорттық тапсырмаларды орындайды. Жеңген оқушы тобына ұпай қосылады.

Қатысушылар және төрелік

Қатысушы топтар

  • «Бірлік» тобы Топ 1
  • «Қырандар» тобы Топ 2

Бағалау

Сайысты бағалайтын төрешілер алқасы сайланады. Қорытынды төрешінің есептеуімен шығарылады, жеңімпаз топ марапатталады.