Алдыңғы білімдер

Сабақ тақырыбы: «Дәмді әрі пайдалы»

Бұл сабақ 1-сыныпқа арналған «Дүниетану» пәні бойынша дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіруге және қазақ халқының қонақжайлылық құндылығын танытуға бағытталған.

Оқу мақсаттары

  • Барлық оқушылар: дұрыс тамақтану туралы біледі.
  • Оқушылардың басым бөлігі: дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді.
  • Кейбір оқушылар: Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді.

Негізгі бөлім

Оқу мақсаты (код):

1.1.4.2 — тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсінеді және түсіндіре алады.

Жетістік критерийлері

Алған білімін өмірде қолдана алады.

Тірек сөздер

Жаңғақ

орех — nut

Ұлттық тағам

национальные блюда — national dish

Дұрыс тамақтану

правильное питание — healthy diet

Ресурстар

  • Түрлі-түсті таяқшалар
  • Суретті үлестірме парақшалар
  • «Тамақтану ережесі» тапсырмасына арналған А3 қағаз
  • Тағам өнімдері бейнеленген суреттер
  • Жемістер
  • АКТ: аудиожазба

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Алдыңғы білім

Ерте кезде адамдардың қалай тамақтанғаны туралы түсінік.

Сабақтың басы (5 минут)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Амансың ба, Алтын Күн?

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезіну — қандай тамаша, қандай қуаныш!

Топқа бөлу

Оқушыларды тапсырмалар орындауға ыңғайлы болатындай топтарға бөлу.

Сабақтың ортасы: Дұрыс тамақтанудың маңызы

Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Тамақтану арқылы адам ағзасына қажетті қоректік заттарды алады. Жүйелі тамақтанбау денсаулыққа едәуір зиян келтіруі мүмкін екенін мамандар жиі айтады.

Дұрыс тамақтанудың 3 негізгі қағидаты

  1. 1 Тағам пайдалы әрі құнарлы болуы керек.
  2. 2 Тамақты күн сайын белгілі уақытта ішкен дұрыс.
  3. 3 Тамақты мөлшермен қабылдау қажет.

Тағамның шипалық қасиеті

Тағамның шипалы түрлерін қолдану арқылы кейбір аурулардың алдын алуға және ағзаны нығайтуға болатыны ертеден белгілі.

Фаст-фуд туралы ескерту

1980–1990 жылдары «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын фаст-фуд мәдениеті әлемге кең тарады. Мамандардың айтуынша, фаст-фудқа әуестік әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі және денсаулыққа зиян келтіреді.

  • Жүрек ауруларының қаупін арттыруы мүмкін
  • Бауыр мен асқазанға салмақ түсіреді

Қонақжайлылық: біріктіретін құндылық

Қонақжайлылық — қазақ халқы мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі. Ертеде қазақтар үшін қонақты қарсы алу негізгі борыш саналған. Тіпті бейтаныс адам келгеннің өзінде, алдымен ас-су беріп, содан кейін ғана жөн сұрасқан. Қонаққа құрмет көрсетуге балаларды кішкентайынан тәрбиелеген.

Қазақстан — бейбітшілік, өзара түсіністік және татулық орнаған көпұлтты ел. Біздің елімізде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп
№14 орта мектебі
Мұғалім
Ахметова Г. Ж.
Тақырып
«Дәмді әрі пайдалы»