Мысалдың тәрбиелік мәні - балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру
Балқаш қаласы
№15 мектеп-лицейі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Мырзанбек Б. Қ.
Сабақ тақырыбы
Ахмет Байтұрсынұлы: «Аққу, Шортан һәм Шаян» (Крыловтан)
Оқулық
«Әдебиеттік оқу», С. Рахметова, Т. Әбдікәрім, Р. Базарбекова (2015), «Атамұра»
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды мысал жанрымен таныстыру.
- Мысалды басқа шығарма түрлерінен ажырата білуге үйрету.
- Мысалдың негізгі идеясын анықтай білуге бағыттау.
Күтілетін нәтиже
Оқушы меңгереді
- Мысал жанрының ерекшелігін таниды.
- Негізгі ойды анықтай алады.
- Өз пікірін дәлелдеп, еркін бөліседі.
Табыс критерийлері
- Мысалдың тәрбиелік мәнін ашады.
- Мысалды басқа жанрлардан ажыратады.
- Мысалға сәйкес мақал-мәтел таңдайды.
- Кейіпкерлер әрекетін бүгінгі өмірмен байланыстырады.
Сабақтың барысы
1) Ынтымақтастық орта құру
Амандасу, түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін қысқа психологиялық жаттығулар орындалады.
Күлкі туралы ой:
Адамның күлкісі — әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Күлкі арқылы адам таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс сезіміміздің сырын ашуға жол береді. Бір-бірімізге жымиып, жылы көңіл сыйлайық.
Сынып құндылықтары
Сабақ ұраны: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Көшбасшыны анықтау және бағалау формасымен таныстыру жүргізіледі.
2) Үй тапсырмасы бойынша жұмыс
Әдіс
«Конверт-сұрақ»: конверттегі сұрақтарды жұппен талқылап, жауап береді.
- Қарбыз бен қауын қандай шешімге келді?
- Қауынды кім тауып алды?
- Қарт қауын дәнді не істеді?
- Қарбыздың жағдайы қандай болды?
- Бұл ертегіден қандай ой түйдің?
- Ертегі қалай басталады?
- «Дән — қауынның жүрегі. Ол өлмесе, мәңгі жасайды» деген ойды түсіндір.
- Қарбыздың жалғыз қалуы суреттелген тұсты оқығанда қандай сезімде болдың?
Қосымша әдіс: «Ыстық орындық» — ертегі мазмұны бойынша жылдам сұрақ-жауап.
3) Мағынаны тану: жаңа тақырыпқа шығу
Жұмбақ
Ай астында ақ мамық,
Жатыр суды жастанып.
Жауабы: Аққу
Жұмбақ
Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асады.
Жауабы: Шортан
Жұмбақ
Бір мақұлық мойны жуан, тірегі ұзын,
Тікпесе өзі етік сақтар бізін.
Тағы да іске ыңғайлы қайшысы бар,
Іс тігіп көрген де емес, еш қызығып.
Жауабы: Шаян
Оқушылар сабақ тақырыбын оқиды: «Аққу, Шортан һәм Шаян». Бұл мысалды Ахмет Байтұрсынұлы орыстың белгілі мысалшысы Иван Крыловтан аударған.
Топтық жұмыс
Берілген ақпараттан қысқаша мәлімет құрастыру: Ахмет Байтұрсынұлы, Иван Крылов, мысал жанры.
Мысал дегеніміз не?
Мысал — адам бойындағы кемшіліктерді сынап, жақсы қасиеттерді мадақтайтын шығарма. Мұнда жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады, ал оқиға арқылы адам мінезі мен әрекеті бейнеленеді.
Салыстыру
Әдеби ертегі мен ертегінің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.
Сергіту сәті
Мысал туралы бейнебаян көру және қысқа талқылау.
4) Мысалды оқу және талдау
Талдау сұрақтары
- Мысал қай жанр түрінде жазылған? (Өлең түрінде.)
- Крылов мысалда қандай оқиғаны сөз етеді? Мәтіннен тауып оқы.
- Неге олардың әрекетінен нәтиже шықпады, олар тырысса да?
- Түсініксіз сөздер бар ма? Мағынасын ашып көр.
- Автор бұл үшеуін неге кейіпкер етіп алған деп ойлайсың? (Олар суда мекендейді.)
Аққу
Көкке тартады — жылдам, талапты, бірбеткей.
Шаян
Кейін тартады — қыңыр, өз жолын ғана дұрыс көреді.
Шортан
Суға жұлқиды — өз әрекетінен қайтпайды, өз дегенімен жүреді.
Оқушылар ІІ–ІІІ шумақтарды оқып, мына сұрақтарға жауап береді: жүк неге қозғалмады, жүк тым ауыр болғандықтан ба, әлде кейіпкерлер өзара келіспегендіктен бе? Мысал «бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс» деген ойға әкеледі: ортақ істің нәтижесі үшін келісім мен бағыт бірлігі қажет.
Негізгі ой және тәрбиелік мән
Мысал бізді бірлікке, ынтымаққа, ортақ шешімге шақырады. Келіспей әрекет етсең, қанша күш жұмсасаң да, нәтиже шықпайды.
Қорытынды ереже
- Мысалда негізгі ой шығарманың басында немесе соңында берілуі мүмкін.
- Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады.
- Түйінді ой арқылы автор ұстанымы айқындалады.
5) Қорытынды тапсырмалар (топтық жұмыс)
1-топ
Адам бойындағы жағымды мінездерді анықтап, мысал келтір.
2-топ
Адам бойындағы жағымсыз мінездерді анықтап, мысал келтір.
3-топ
Бірлік, ынтымақ тақырыбында мақал-мәтелдер жазып, мағынасын түсіндір.
4-топ
Сынып ішіндегі жағымды қасиеттерді атап, оларды қалай күшейтуге болатынын ұсын.
Негізгі ойды өмірмен байланыстыру
Мысалдағы кейіпкерлер арқылы автор ортақ істі атқаруда тіл табыса алмаған адамдарды бейнелейді. Егер мақсат бір, бағыт ортақ болмаса — еңбек зая кетеді. Ал келісім мен қолдау болса, ауыр жүк те жеңілдейді.