Балықшылар әңгімесін оқу

Әдебиет · 6-сынып

Сабақ тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Балықшылар» ( «Қан мен тер» романынан үзінді) шығармасын меңгерту.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ «Балықшылар» үзіндісінің мазмұны туралы толық мәлімет беру.

Дамытушылық

Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту; сөздік қорын молайту; шығармашылық ізденіске баулу; ой-пікірін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Елін, жерін, Отанын қадірлеуге; адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі

Қалыпты сабақ.

Әдістері

  • Түсіндіру, суреттеу, салыстыру
  • Сұрақ-жауап
  • Сөздікпен жұмыс
  • Бекіту, бағалау, қорытындылау

Көрнекілігі

  • Көркем әдебиеттер
  • Бейнелі суреттер
  • Рефераттар

Жұмыс формалары

  • Жеке оқушымен жұмыс
  • Топпен жұмыс
  • Сынып ұжымымен жұмыс

Сабақтың құрылымы

Кезеңдер

  1. 1Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2Үй тапсырмасын сұрау
  3. 3Жаңа сабақты түсіндіру
  4. 4Бекіту
  5. 5Бағалау
  6. 6Қорытындылау

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Кезекшінің мәлімдемесі
  • Журнал бойынша түгелдеу
  • Жаңа сабаққа дайындық

Үй тапсырмасын сұрау

  • М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік
  • «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңін жатқа айту
  • Қосымша мәліметтер іздену
  • Қосымша сұрақтарға жауап беру

Жаңа сабақ: автор және шығарма

Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы

Әбдіжәміл Нұрпейісов — Арал теңізі жағасында дүниеге келген жазушы. Ол «Курляндия», «Күткен күн» романдарының және «Қан мен тер» трилогиясының авторы. «Қан мен тер» трилогиясында ХХ ғасыр басындағы, Қазан төңкерісі жылдарындағы Арал балықшыларының ауыр тұрмысы шынайы суреттеледі.

«Балықшылар» үзіндісінің мазмұны

Үзіндіде балықшылардың тұрмыс тауқыметі мен әлеуметтік теңсіздік айқын көрсетіледі: олар балық аулап, оны байға өткізеді, ал күнкөріске әрең жететін мардымсыз ақы алады. Байдың сараңдығы сонша — жұмысшылардың өзіне талғажау етуге де балық бермейді.

Бай адам өмірін емес, қаржыны күйттеп, қолайсыз ауа райына қарамастан балықшыларды мұз үстіне жібереді. Ауыл әкімі де жұмысшыларды байға жамандап, оларды сабатуға жол береді. Тіпті Мөңкенің қайтыс болған ұлын жерлеуге сұранғанын да қабылдамай, жұмыстан босатпайды.

Теңізге шыққан балықшылардың ауыр халі, оларды құтқаруға аттанған түйеші мен Андрейдің теңіз үстінде желмен арпалысып, жан сақтауға тырысқаны аса аянышты суреттеледі. Ақырында олар теңіз ортасында қалып, қазаға ұшырайды. Сондай-ақ ыза мен өшігудің салдарынан Ламанның Федоровты ұрып өлтіруі де трагедиялық көрініс ретінде беріледі.

Бұл үзінді арқылы күн көрудің қаншалық қиын болғанын, қоғамдағы теңсіздікті, қазақтардың орыс байларына тәуелділігін және патша үкіметінің озбыр саясатын аңғарамыз.

Бекіту жұмыстары

Сөздікпен жұмыс

Репеті
«Түрі, ыңғайы» деген мағынада.
Қаратаз
Болыстың есімі.
Үркердей үйіріп
«Топтап, үйіріп» деген мағынада қолданылған.

Түсінікті тексеру сұрақтары

  1. 1«Балықшылар» әңгімесі қай романнан алынған?
  2. 2Үзіндінің негізгі тақырыбы қандай?
  3. 3Қай теңіздің балықшылары туралы айтылады?
  4. 4Оқиға қай кезеңде өтеді?
  5. 5Басты кейіпкерлер кімдер?

Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытынды

Сабақ соңында негізгі ойлар жинақталып, оқушылардың түсінігі қорытындыланады.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай білім деңгейі бағаланады.

Үйге тапсырма

  • Ә. Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы туралы ізденіп оқу
  • «Балықшылар» үзіндісін оқу
  • Мазмұндау