Қарапайым калькулятор мен инженерлік калькулятордың айырмашылығы
Сабақ туралы мәлімет
Тақырыбы
Инженерлік калькулятор
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдісі
Ұжымдық
Көрнекіліктер
- Кітап
- Дәптер
- Интербелсенді тақта
- Тірек-сызбалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ақпарат және ақпараттық технологиялар бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, тексеру және қорытындылау.
Тәрбиелік
Оқушыларды ойын нақты жеткізуге, сабырлы болуға және тәртіп сақтауға үйрету.
Дамытушылық
Компьютер туралы толық түсінік қалыптастыру; тапқырлық пен ізденімпаздықты дамыту; шығармашылыққа баулу және пәнге қызығушылықты арттыру.
Ұжымдық жұмысты ұйымдастырудың мақсаты
- Бірін-бірі тыңдай отырып, ұжымда жұмыс істей білуге үйрету.
- Сенімділікке, тапқырлыққа және өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Сабақ барысы
Үй жұмысын тексеру
Көбейту
- 331 × 17 =
- 57635 × 14 =
- 315 × 9 =
- 1023 × 30 =
Бөлу
- 358 ÷ 2 =
- 156 ÷ 12 =
- 875 ÷ 25 =
- 6072 ÷ 18 =
Квадрат түбірін табу
Мына сандардың квадрат түбірлерін табыңдар:
- √49 =
- √144 =
- √529 =
- √119 =
Шығармашылық тапсырма
Оқушылар Блокнот бағдарламасын пайдаланып, өздері шығарған бір шумақ өлеңін теріп жазады.
Жаңа тақырыпқа шығу (сөзжұмбақ)
Қайталау сұрақтары арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.
- Интернетті ең алғаш ойлап тапқан ел?
- 8 биттен тұратын код?
- Компьютер экранына ақпаратты шығаратын құрылғы?
- Ақпараттық үдерістерді жүзеге асыратын негізгі құрал?
- Диск салатын орын?
- Enter пернесінің қазақша атауы?
- Принтердің ең қарапайым түрі?
- «Темір тілден» компьютер тіліне аударатын құрал?
- Ақпараттық үдерістерді зерттейтін ғылым?
- Логарифм сызғышын ойлап тапқан ғалым?
- Бір орыннан екінші орынға апару?
Шешімі
КАЛЬКУЛЯТОР
Жаңа сабақ: Инженерлік калькулятор
Іске қосу жолы
Санау жүйелерін түрлендіру (мысал)
Ондық санау жүйесінде 585 санын теріп:
- Bin батырмасын басқанда, индикация өрісінде 1001001001 көрінеді.
- Oct батырмасын басқанда, 1111 шығады.
- Hex батырмасын басқанда, 249 көрінеді.
Орташа жалақыны есептеу (статистика режимі)
5 қызметкердің жалақысы (теңге):
- 1) 7500
- 2) 6500
- 3) 6000
- 4) 4000
- 5) 3500
Орындалу реті
- Инженерлік калькуляторды ашыңдар.
- Статистика режимін қосатын батырманы басыңдар.
- Статистика терезесін калькуляторды жаппайтын етіп ыңғайлап, шетке жылжытыңдар.
- Бірінші санды енгізіп, деректерді статистика тізіміне қосу батырмасын шертіңдер.
- Қалған төрт санды да дәл осылай енгізіңдер.
- Барлық мәндер енгізілген соң, орта мәнді (Mean) есептеу батырмасын басыңдар.
Нәтиже: индикация өрісінде орташа жалақы 5500 теңге болып шығады.
Сергіту сәті (логикалық тапсырмалар)
Тапсырма 1
Нәтижесінде 100 шығуы үшін 987654321 санындағы цифрлардың арасына +, −, ×, ÷ таңбаларын қойыңдар.
Тапсырма 2
Нәтижесінде 100 шығуы үшін жеті санның арасына тек + белгісін қойыңдар. Сандардың орнын өзгертуге болмайды.
Есептер
Есеп №1
- 37*(3+7)=
- 48*(4+8)=
- 147*(14+7)=
- 148*(14+8)=
- 111*(11+1)=
- 12*3*(1+2+3)=
Есеп №2
- 32+72=
- 43+83=
- 143+73=
- 143+83=
- 113+13=
- 13+23+33=
Сабақты қорытындылау (сұрақтар)
- Инженерлік калькуляторды қалай ашамыз?
- Қарапайым калькулятор мен инженерлік калькулятордың айырмашылығы қандай?
- Сандардың орта мәнін қалай табамыз?
- SUM қандай қызмет атқарады?
Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау
Сабақ барысында орындалған тапсырмалар мен белсенділік деңгейіне қарай бағаланады.
Үйге тапсырма
- Тақырып: Инженерлік калькулятор.
- 189-беттегі есеп: мата шығынын есептеу.