Жоғарғы топ тәрбиеленушілерін жан - жақты дамытуда ертегінің маңызы Менің педогогтік ұстанымым

Жоғарғы топ тәрбиеленушілерін жан-жақты дамытуда ертегінің маңызы

Менің педагогикалық ұстанымым: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады; ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес».

В. А. Сухомлинский

Мектепке дейінгі тәрбие: қоғам талабы және педагог міндеті

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіне арналған бағыт-бағдар айқындалды. Бұл міндеттер мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлердің алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын көрсетеді.

Замана алға қойған талаптарды өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделеді. Қазіргі өмірдің өзінен туындаған қажеттіліктерді орындау және жаңашылдыққа бастау болу ең әуелі үздіксіз тәрбиенің бастауы саналатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алатыны анық. Дегенмен ғылымға негізделген әдіс-тәсілдер арқылы берілетін тәлім-тәрбие көбінесе балабақшада жүйеленіп, жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оның өмірлік құндылықтарын қалыптастырып, мағынасы өшпейтін із қалдырады.

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі орны

Баланы мектеп алды даярлау — үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі.

Негізгі міндет

Мектепке дейінгі кезеңде баланың тұлғалық, танымдық және тілдік қабілеттерін үйлесімді дамытуға жағдай жасау.

Ұлттық тәрбие және ауыз әдебиетінің ықпалы

Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамытуда ұлттық тәрбиенің алатын рөлі өте зор. Қазақ халқы өзге халықтар сияқты бала тәрбиесіне ерте заманнан-ақ мол тәжірибесімен, бай әрі асыл мұрасымен ерекше көңіл бөлген.

Халқымыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, дүниеге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салу, тұсаукесер сияқты дәстүрлерді орындаған. Бала өсе келе оған ұлттық шежіре, шыққан тегі, халық даналығы мен нақыл сөздердің мәні түсіндірілген.

Неліктен ертегі маңызды?

Жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру және есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің орны ерекше. Солардың ішінде ең кең тараған әрі әсері мол жанрлардың бірі — ертегілер.

Автор туралы мәлімет

Өңір
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылы
Мекеме
«Құлыншақ» балабақшасы
Лауазымы және аты-жөні
Әдіскер — Гүлаш Бексейтова