Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы
Сабақ тақырыбы
Ш. Айтматов, «Найман – Ана» ( «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді).
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Романнан алынған үзіндінің мазмұнын тереңірек меңгерту; шығарма тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын жан-жақты түсіндіру.
Дамытушылық
Танымдық қызығушылықты, шығармашылық ойлауды, талдау дағдысын және өзіндік сыни көзқарасты дамыту; жеке қабілет пен әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуына жағдай жасау.
Тәрбиелік
Ел тарихы мен әдебиетін құрметтеуге, ұлылардың өсиетінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке және ар мен жан тазалығын жоғары ұстауға тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақ типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Әдістер
- Ізденіс, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, қайталау
- Көрнекіліктер
- Оқулық, портрет, шығармалар жинағы, тірек-сызбалар, үнтаспа, көрме
- Тақырыптық өзек
- «Қазақ–қырғыз — бір туған» (Ш. Айтматов пен М. Шаханов шығармашылығының біртұтастығы)
- Пәнаралық байланыс
- Бейнелеу өнері, музыка
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Сабақтың тақырыбы мен өту жоспарын таныстыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
II. Ой шақыру: «Біліміңді зерделе»
- Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы?
- Шыңғыс Айтматовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
III. Жаңа сабақ: шағын дәріс
Шыңғыс Айтматов — табиғат дарытқан қаламгер. Бүгінде оның есімі әлемге әйгілі: шығармалары көптеген тілге аударылып, оқырманын көбейтуде. Жазушы сомдаған кейіпкерлер тек қырғыз халқының перзенттері емес, адамзатқа ортақ мінез бен азаматтық болмысты танытатын тұлғалар. Сондықтан да Айтматовты ешбір халық жатсынбайды.
Айтматовтың әдебиеттегі ұстазы — Мұхтар Әуезов. Көрмеде көрініс табатын шығармашылық сабақтастық пен рухани жақындық ұлттық шеңберден асып, тұтас бір дүниеге айналған достықтың үлгісі ретінде бағаланады. Осындай үндестікте туған туындылардың ғұмыры ұзақ.
Талқылау сұрағы
«Найман – Ана» үзіндісіндегі ана басындағы ақ жаулық неге ақ құсқа айналады? (Интерактивті тақта арқылы суретпен түсіндіру.)
Тақырыбы
Ананың ерлігін дәріптеу
Идеясы
Адамзатты жауыздықтан қорғау
IV. Ой-толғаныс: «Адамдықтың қасиеті — елдігінен көрінер»
Оқулықпен жұмыс: көрініс көрсету. Қатысушылар: Найман Ана, Мәңгүрт, Маңғолдар. Музыка баяу ойналады.
Көріністен үзінді (ықшамдалған диалог)
Ана:
Отыр, сөйлесейік. Сенің атың кім? Мәңгүрт деп сені қазір атайды. Ал бұрынғы атың есіңде ме? Әкеңнің аты кім? Елің, руың қайсы? Туған жеріңді білесің бе?.. Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені!
Ау, байлығыңды тартып алса да, мейлі, жаныңды алса да, мейлі. Бірақ адамның ақыл-есін тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты?! Сенің атың — Жоламан. Әкеңнің аты — Дөненбай. Мен сенің анаңмын.
Мәңгүрт:
Ештеңе болған жоқ.
Маңғол:
Қайдағы шешең ол сенің! Шешең жоқ сенің! Енді келгенде мына садақпен ат!
Шиеленіс
Ана баласын тануға шақырғанымен, мәңгүрттенген ұл анасын атады.
Талқылау сұрақтары
- Осы көріністен нені байқадың?
- Жауыздық адамзат табиғатына тән құбылыс па?
- Ана-Бейітті халық неге ерекше қадірлейді?
- Найман Ананың ерлігін қалай қабылдадың?
- Найман Ана баласын не үшін жау қолынан алып қашпақ болды? (Мәтіннен тауып оқы.)
- Сарыөзек тағдыры туралы пікірің қандай?
V. Ғылыми ізденіс: «Ертеңін ойлаған ұрпақ азбас»
Негізгі ұғымдар
- Мәңгүрттік дегеніміз не?
- Зомбилық деген не?
Оқушылар пікірін талдағаннан кейін ұғымдарды жүйелейтін кесте құрылады.
Шығармашылық тапсырмалар
- «Ерікті мәңгүрт» тақырыбында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау.
- Қазіргі кезде «ерікті мәңгүрт» деп кімді атаймыз? (Жағдаяттық сұрақ.)
VI. Ой-толғау жазу
Тақырып: «Мәңгүрттіктен сақтан, ұрпақ!»
VII. Топтастыру
Тақырып: «Ұлы тұлға — ұрпақ мақтанышы»
VIII. Қорытынды
Тақырыптық тұжырым: «Мен — адаммын, адамдық — мәңгі мұратым!»
Сұрақ
Қасиетті халықтың адал перзенті болу үшін сен қандай болуың керек? (Тірек-сызба құрастыру.)
Мұғалімнің қорытынды сөзі
«Әрқашанда таза болсын ар-ожданың, жүрегің,
Өзгелер де саған адал, әділ болар, білемін.
Зорлық қылсаң өзгелерге — өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің...»— Мұхаммед Бабыр
Қорытынды ой: қатыгездіктен аулақ болайық, адамдықты биік қояйық.
Үй тапсырмасы және бағалау
- Үй тапсырмасы: берілген мәтін бойынша дайындық (мұғалім нұсқауы бойынша).
- Бағалау: сабаққа қатысуы, талдауы, топтық жұмысы және жазба жұмысы негізінде.