Мектептің жүрегі - мұғалім

Сыныптан тыс іс-шара

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Мақсаты

  • Оқушыларды ата-бабадан қалған өнегелі сөздер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Ойды нақты әрі дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеп, салмақты пікір айтуға үйрету.
  • Сөз өнері арқылы дүниетанымды кеңейтіп, даналыққа баулу.

Көрнекілігі

Презентация.

Қатысушылар

  • «Сұңқар» тобы
  • «Тұлпар» тобы

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгін біздің сыныбымызда «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты танымдық сайыс өтеді.

Алдымен, әділ қазылар алқасын таныстырайық:

  • Қанатова Гүлназия Амандыққызы

    Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  • Курмалова Асель Агисовна

    Бастауыш сынып пәндер бірлестігінің жетекшісі

  • Алдабергенова Үміт Жомартовна

    Бастауыш сынып мұғалімі

Мақал-мәтел туралы қысқаша түсінік

Мақал-мәтел — ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналады. Ол — тәрбиелік мәні зор рухани байлық.

Мақал

Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін болады. Айтылар ой нақты әрі толық жеткізіледі.

Мысал

«Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» — ел мен жерді қорғау нағыз ердің ісі екенін білдіреді.

Мәтел

Мәтелде ой тікелей айтылмай, тұспалдап, жанамалап беріледі.

Мысал

«Көппен көрген — ұлы той» — не көрсең де көппен бірге көр, тек өз басыңның қамын ойлама дегенді меңзейді.

Негізгі мақсатымыз: оқушылардың білімге құштарлығын арттырып, ізденімпаздығын дамыту; оқу деңгейін көтеру; ойды нақты жеткізіп, тапқыр сөйлей білуге баулу.

Сайыс кезеңдері

1-бөлім: «Кім көп біледі?»

Екі топ мақал-мәтел айтудан жарысады. Әр топқа 1 минут уақыт беріледі. Уақыт ішінде қанша мақал айтылса, ұпай да соған сәйкес қойылады.

2-бөлім: «Мақал — сөздің мәйегі»

Тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі. Қатысушы топтар мақалдың жалғасын табады.

1-топқа

  1. Кітап — білім бұлағы, (білім — өмір шырағы)
  2. Досы көпті жау алмас, (ақылы көпті дау алмас)
  3. Бала — бауыр, (дос — тамыр)
  4. Еңбек етсең ерінбей, (тояды қарның тіленбей)
  5. Жері байдың — (елі бай)

2-топқа

  1. Ақыл — азбайтын кен, (білім — тозбайтын тон)
  2. Жолдас қадірін жорықта білерсің, (дос қадірін соғыста білерсің)
  3. Бала — қымбат, (немере — ыстық)
  4. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті)
  5. Өз елім — (өлең төсегім)

3-бөлім: «Кім тапқыр?»

Мұғалім жұмбақ жасырады. Қатысушылар алдымен жауабын табады, содан кейін сол жауапқа сәйкес мақал айтады.

Жұмбақ туралы

«Жұмбақ» сөзі алақанды жұмудан шыққан: бір нәрсені жасырып, соны тапқызу. Жұмбақта айтылар нысан ойда бүгіліп, соған ұқсас нәрселер арқылы тұспалдап сипатталады.

Тұрғанмен жырақ өзі,

Таусылмайтын шырақ көзі.

Жауабы: Күн

1) Жұмбақ

Асыраған ел-жұртты — жез мұртты.

Жауабы: Бидай

Мақал

Арпа, бидай — ас екен, алтын, күміс — тас екен.

2) Жұмбақ

Жайған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді.

Жауабы: Қар

Мақал

Қалауына тапса, қар жанады.

3) Жұмбақ

Желден желігеді, судан шегінеді.

Жауабы: От

Мақал

Отан — оттан да ыстық.

4) Жұмбақ

Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.

Жауабы: Су

Мақал

Судың да сұрауы бар.

5) Жұмбақ

Өзімнен өзгенің бәрін көремін.

Жауабы: Көз

Мақал

Көз қорқақ, қол батыр.

6) Жұмбақ

Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.

Жауабы: Қоян

Мақал

Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді.

4-бөлім: «Даналық ойдан дән ізде»

Бұл бөлімде көбейту кестесін дұрыс шығару арқылы ұлағатты сөзді табасыздар.

1-топқа: «Мектептің жүрегі — мұғалім»

Әріп-код

М – 100, і – 96, е – 64, л – 72, к – 81, а – 93, т – 78, п – 92, ғ – 76, ң – 74, ұ – 87, ж – 108, г – 160, ү – 130, р – 110

25 × 4
16 × 4
27 × 3
39 × 2
32 × 2
46 × 2
26 × 3
24 × 4
37 × 2
27 × 4
65 × 2
55 × 2
8 × 8
32 × 5
48 × 2
20 × 5
29 × 3
38 × 2
31 × 3
24 × 3
32 × 3
10 × 10

2-топқа: «Мектеп — кеме, білім — теңіз»

Әріп-код

З – 100, м – 96, і – 64, л – 124, к – 72, ң – 81, т – 160, е – 128, п – 92, б – 135

32 × 3
64 × 2
36 × 2
80 × 2
16 × 8
46 × 2
24 × 3
32 × 4
48 × 2
128 × 1
27 × 5
16 × 4
62 × 2
32 × 2
24 × 4
40 × 4
2 × 64
27 × 3
8 × 8
25 × 4

Есептер дұрыс орындалғаннан кейін, алынған сандар әріп-код арқылы сәйкестендіріліп, жасырынған нақыл сөз құрастырылады.

Қорытынды және марапаттау

Сайыс соңында ұпай саны бойынша жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.

Бүгінгі ойын оқушылардың тіл байлығын арттырып, ойлау жүйесін дамытуға, мақал-мәтел мен жұмбақ арқылы ұлттық құндылықтарды тереңірек тануға бағытталады.