Ықшамсабақтың тақырыбы

Ықшамсабақтың тақырыбы

Ы. Алтынсариннің «Атымтай жомарт» шығармасы: жомарттық пен сараңдық тақырыбы.

Әдіс-тәсіл: «Жылқы сұлбасы» стратегиясы — әдеби шығармадағы салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеуді анықтау және талдауда қолдану.

Сабақтың мақсаты

  • Әдеби шығармадағы байлық пен кедейлік, жомарттық пен сараңдық ұғымдарын ажыратады.
  • Қорытынды пікірлерін дәйектермен дәлелдейді.
  • Шығармадағы салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеу туралы түсінік қалыптастырады.

Бағалау критерийлері

Әдеби-теориялық түсінік

Әдеби шығарма негізінде салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеуді нақтылап, мысалдар арқылы түсіндіреді.

Құндылықтарды талдау

Жомарттық пен сараңдық ұғымдарының мағынасын ажыратып, өмірмен байланыстырады; талдайды және тұжырымды пікір айтады.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мен қандаймын?» — акроним әдісі

Оқушылар өз есімдерінің бас әрпі арқылы бойындағы бір жағымды және бір жағымсыз қасиетін атап шығады.

Жұптық жұмыс: лента арқылы танысу

Түстер үйлесімділігіне қарай жұптасып, лентаның түсін таңдайды. Жұптар лентаның екі ұшын ұстап тұрып, өздері туралы қысқаша таныстырады.

Мысалдар

  • Махмұт — мырзамын.
  • Саят — сырбазбын.
  • Қарлығаш — қызғаншақпын.
  • Айда — ақылдымын.

Оқу материалы

Ы. Алтынсарин — «Атымтай жомарт» (жомарттық пен сараңдық тақырыбы бойынша мәтін).