Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Білімді бекіту

11-сабақ

Абай Құнанбайұлының қара сөздері

Сабақ жоспары оқушылардың білімін жүйелеуге, Абай мұрасын жан-жақты танытуға және шығармашылық жұмыс арқылы ой қорытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

А. Құнанбайұлының қара сөздері туралы мәлімет бере отырып, білімді жүйелеу, жинақтау және шығармашылық тапсырмалар арқылы ақынды жан-жақты таныту.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру; ой-өрісті, ойлау қабілетін және шығармашылық ізденісті дамыту.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Қысқа
  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын пысықтау

Сұрақ-жауап

Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. 1. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін Абай кімнен аударған?
  2. 2. Ақынды «Қазақтың бас ақыны» деп кім атаған?
  3. 3. Ең алғашқы өлеңдерін Абай кімнің атынан жазған?

3) Жаңа сабақты түсіндіру

Талдау

Абайдың 1890–1898 жылдар аралығында жазған бірқатар шығармалары «қара сөздер» деп аталады. Бұл туындылар — сыншылдық пен ойшылдыққа құрылған, көбіне адамгершілік пен мораль мәселелерін қозғайтын өсиет, толғау сипатындағы мәтіндер.

Нақты дерек

Абайдың 45 қара сөзі бар.

Жиырма тоғызыншы сөзінде Абай қазақтың мақал-мәтелдеріне тоқталып, олардың ішінде іске татырлығы да, ал кейбірінің құдайшылыққа да, адамшылыққа да жарамайтынын атап өтеді.

4) Шығармашылық жұмыс

Жинақтау

Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып, салыстыру жұмысын жүргізіңдер:

Мақал-мәтел Абайдың сыны Өз пікірің

5) Топпен жұмыс

Пікірлесу

Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, шағын пікірталас ұйымдастырыңдар:

  • Тақырып 1: «Ата-анадан тәтті жоқ»
  • Тақырып 2: «Періштені алтын да жолдан тайдырмас»

6) Білімді бекіту

Қорытынды

Өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Түсінбеген тұстар бойынша нақтылау сұрақтарын қойыңдар.

  1. 1. Қара сөздерден қандай тағылым, үлгі, ақыл-нақыл алдыңдар?
  2. 2. Қалай ойлайсыңдар, ақынның сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?
  3. 3. Абайдың қара сөз жазудағы негізгі мақсаты қандай?

7) Білімді бағалау

Оқушылардың жауаптары мен сабаққа белсенді қатысуына қарай білімдері бағаланады.

8) Үй тапсырмасы

А. Құнанбайұлының қара сөздерін оқып келу, толық нұсқасымен танысу.

Ескерту

Оқыған мәтін бойынша 3–5 сөйлеммен қысқа рефлексия (өз ойың, алған әсерің, бір сұрақ) дайындап келіңдер.

Келесі сабақтарға бағыт

Бұл жоспар 11-сабаққа (Абайдың қара сөздері) арналған. Алдағы сабақтарда Абайдың көркемдік әлемі мен Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары жүйелі түрде қарастырылады.

Жылдам шолу

  • 12 Абай Құнанбайұлы — ұлы суреткер
  • 13 Ахмет Байтұрсынұлы
  • 14 «Ақын ініме»
  • 15 «Екі шыбын»