Операциялық жүйелерді баптау
Ақтөбе облысы • Алға ауданы • Қарақобда орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі: Малаева Индира Жақсылыққызы
Сабақ тақырыбы: Операциялық жүйелерді баптау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- •Оқушылардың дайындығын тексеру, қауіпсіздік талаптарын еске салу.
II. Үй жұмысын тексеру
- •Операциялық жүйелердің топтамасы (түрлері) бойынша сұрақтар.
III. Үй жұмысын бекіту: сәйкестендіру
Төмендегі ұғымдарды анықтамаларымен сәйкестендіріңіз.
| Ұғым | Анықтама |
|---|---|
| Операциялық жүйе | Пайдаланушы мен компьютердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін, құрылғылардың жұмысын басқаратын жүйелік бағдарлама. |
| Ядро | Есептеу процестерін басқаратын және пайдаланушы мен аппараттық құралдарды байланыстыратын негізгі компонент. |
| Интерфейс | Пайдаланушының жүйемен жұмыс істеуіне арналған өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдары. |
| Драйвер | Компьютер құрамындағы құрылғыларды басқаруға арналған бағдарламалар жиыны. |
| Командалық интерпретатор | Командаларды қабылдап, оларды машиналық нұсқауларға түрлендіретін бағдарлама. |
| Бірпайдаланушы ОЖ | Компьютерде бір уақытта бір ғана пайдаланушыға жұмыс істеуге мүмкіндік береді. |
| Көппайдаланушы ОЖ | Бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмысын қамтамасыз етеді. |
| Windows | Графикалық интерфейсі бар операциялық жүйе. |
IV. Жаңа тақырып: операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйе — командаларды орындау кезінде компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
Windows операциялық жүйесінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының нұсқауы бойынша параметрлерді өзгерту үрдісі операциялық жүйені баптау деп аталады.
Баптаудың 3 негізгі тобы
- Бума (папка) терезесінің параметрлерін баптау
- Негізгі мәзірді баптау
- Басқару тақтасы арқылы жүйені жалпы баптау
Бума терезесін баптау
Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі → Параметрлер... командасы арқылы орындауға болады. Бума (Папка) қосымша бетінде бір бумадан екіншісіне өтудегі алмастыру режімін таңдауға болады. Қарап шығу (Просмотр) бетінде жасырын файлдарды көрсету/жасыру және толық мекенжайды көрсету бапталады.
Тапсырмалар тақтасының жалпы параметрлері
Жалпы қосымша бетінде бірнеше жалауша арқылы тапсырмалар тақтасы мен мәзірдің көрінісін өзгертуге болады.
- 1)Барлық терезелердің үстінде орналастыру — тапсырмалар тақтасы барлық терезелердің үстінде тұрады.
- 2)Экраннан автоматты түрде жасыру — меңзер апарғанда ғана көрінеді.
- 3)Негізгі мәзірдегі ұсақ белгішелер — аз орын алады.
- 4)Сағатты көрсету — тақтада сағат индикаторы шығады.
- 5)Қысқартылған мәзірлерді пайдалану — соңғы қолданылған командаларды көрсетеді.
Басқару тақтасы арқылы жалпы баптау
Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы (Control Panel) арнайы бумасы арқылы орындалады. Бұл жерде Экран, Қаріптер, Күні мен уақыты, Пернетақта, Тышқан және басқа да бөлімдер бар. Кез келген белгішені екі рет шерткенде тиісті параметрлерді баптайтын сұхбат терезесі ашылады. Параметрлерді енгізген соң ОК немесе Болдырмау батырмасын басыңыз.
V. Практикалық жұмыс
Төмендегі тапсырмалар операциялық жүйені баптаудың негізгі құралдарын тәжірибе жүзінде бекітуге арналған.
I. Күн мен уақыт параметрлерін баптау
- Іске қосу батырмасын басып, негізгі мәзірден Баптау → Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз.
- Күні мен уақыты белгішесін екі рет шертіңіз.
- Қасиеттер: Күні мен уақыты сұхбат терезесі ашылады.
- Күні мен уақыты қосымша бетін таңдаңыз.
- Күн бөлімінде өз туған күніңізді (күн, ай, жыл) орнатыңыз.
- Уақыт бөлімінде мектептегі сабақ уақытына сәйкес уақытты орнатыңыз.
- Қолдану батырмасын шертіңіз.
- ОК батырмасын басыңыз.
II. Жұмыс үстелін (фонды) баптау
- Іске қосу → Баптау → Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз.
- Экран белгішесін екі рет шертіңіз.
- Қасиеттер: Экран терезесі ашылады.
- Тақырыптар (Темы) қосымша бетін таңдаңыз.
- Фондық суретті таңдап, ОК батырмасын басыңыз.
- Жұмыс үстеліндегі фонның өзгергенін тексеріңіз.
III. Қыстырма бет (заставка) параметрлерін баптау
Қыстырма бет — монитордың пайдалану мерзімін ұзартуға көмектесетін бағдарлама. Егер пайдаланушы белгілі бір уақыт пернетақта мен тышқанды қолданбаса, экранда қыстырма бет іске қосылады. Тізімнен қыстырма бағдарламасын, ал Интервал өрісінен іске қосылу уақытын таңдауға болады.
- Іске қосу → Баптау → Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз.
- Экран белгішесін екі рет шертіңіз.
- Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.
- Тізімнен кез келген қыстырма бетті таңдаңыз.
- Қарап шығу батырмасы арқылы алдын ала көріністі тексеріңіз.
IV. «Көлемдік мәтін» қыстырма бетінің параметрлерін баптау
- Пуск → Баптау → Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз.
- Экран белгішесін екі рет шертіңіз.
- Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.
- Тізімнен Көлемдік мәтін (Объемный текст) қыстырмасын таңдаңыз.
- Баптау батырмасын шертіңіз.
- Мәтінді, қозғалыс стилін, жылдамдығын және өлшемін таңдаңыз.
- ОК батырмасын басыңыз.
V. Рәсімдеу (схема) параметрлерін баптау
- Іске қосу → Баптау → Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз.
- Экран белгішесін екі рет шертіңіз.
- Рәсімдеу (Оформление) қосымша бетін таңдаңыз.
- Схема өрісінен кез келген схеманы таңдаңыз.
- Элемент өрісінен түсін өзгерткіңіз келген элементті таңдаңыз.
- Құрылған схеманы жою қажет болса, схеманы таңдап Жою (Удалить) батырмасын басыңыз.
VI. Бекіту: сұрақтар банкі (деңгей бойынша)
Әр бөлім бойынша деңгейлік сұрақтарға жауап беріңіз.
Санау жүйелері
- 10Санау жүйесінің түрлерін атаңыз.
- 20Римдік санау жүйесі қай түрге жатады?
- 30Позициялық санау жүйелерін атаңыз.
- 40Екілік санау жүйесінің негізі неше?
Дербес компьютер
- 10Тасымал (портатив) компьютерлерді атаңыз.
- 20Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыз.
- 30Принтер түрлерін атаңыз.
- 40CD-R/DVD-R және CD-RW/DVD-RW дискілерінің айырмашылығы қандай?
Логикалық негіздер
- 10Пікір дегеніміз не?
- 20Логикалық көбейту қалай аталады?
- 30«Немесе» жалғаулығы арқылы біріктіру амалы қалай аталады?
- 40Инверсия дегеніміз не?
Операциялық жүйе
- 10Операциялық жүйе дегеніміз не?
- 20ОЖ-нің міндетті бөліктерін атаңыз.
- 30Операциялық жүйе түрлерін атаңыз.
- 40Операциялық жүйені баптау неше топқа бөлінеді? Қандай?
VII. Қорытындылау
- Операциялық жүйе — жүйелік бағдарламалардың негізгі бөлігі.
- Компьютердегі барлық жұмысты ұйымдастырады және құрылғылардың жұмысын басқарады.
- Адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуды қамтамасыз етеді.
Есте сақтаңыз
Windows параметрлерін пайдаланушының талаптарына сай өзгерту — бұл ОЖ-ні баптау. Баптау шартты түрде 3 топқа бөлінеді: бума терезесі, негізгі мәзір, басқару тақтасы арқылы жалпы баптау.
VIII. Үй тапсырмасы
- •§11 «Операциялық жүйелерді баптау» тақырыбын оқу.
- •Осы тақырып бойынша ребус құрастыру.
IX. Бағалау
Өте жақсы
5
Жақсы
4
Қанағаттанарлық
3