Сан есім қандай сөз табы

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы
Есімдік. Жіктеу есімдігі.
Сабақтың түрі
Ойын сабағы.
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту, танымдық ойындар.
Көрнекіліктер
Тест жұмысы, жұлдызша, кесте-сөздер.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, орыс тілі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Есімдік және жіктеу есімдігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіру арқылы тілдік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс барысында адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушылардың белсенді ойлау әрекетін жандандырып, сауатты жазу мен оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сынып оқушыларын түгелдеу.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Есіңе түсір (қайталау)

«Жұлдызды сәт» ойыны

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде есім сөздер бойынша қайталау сұрақтары қойылады. Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша беріліп отырады.

  1. Зат есім қандай сөз табы?
  2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  3. Жалпы және жалқы зат есімдер дегеніміз не?
  4. Сын есім қандай сөз табы?
  5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
  6. Туынды сын есімдер қалай жасалады?
  7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
  8. Сан есім қандай сөз табы?
  9. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
  10. Құрамына қарай қалай талданады?

III. Сынап көр (есім сөздермен жұмыс)

«Тілдік тренажер» арқылы берілген сөздерді зат есім, сын есім, сан есім ретінде талдау.

Кітап
Қора
Он екі
Ақсу
Сұлу
Ұзын бойлы
Жеті
Оқушы
Майлы
Сексен тоғыз
Көктерек
Қызыл ала
Бір
Ауыл
Шуақты

IV. Анықтама (жаңа сабақ)

Есімдік — есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) орнына қолданылатын сөз табы. Есімдік заттың атын, белгісін, санын тікелей атамай, нұсқап, меңзеп көрсетеді және солардың орнына жүреді. Сондықтан есімдіктерді кейде орынбасар сөздер деп те атайды.

Есімдіктердің мағыналық топтары (7 түрі)

  • Жіктеу есімдігі
  • Сілтеу есімдігі
  • Сұрау есімдігі
  • Өздік есімдігі
  • Жалпылау есімдігі
  • Болымсыздық есімдігі
  • Белгісіздік есімдігі

Жіктеу есімдігі

Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.

Түрі I жақ II жақ III жақ
Жекеше Мен (айтушы) Сен / Сіз (тыңдаушы) Ол (бөгде жақ)
Көпше Біз Сендер / Сіздер Олар

V. Құрастыр (бекіту)

Құрамында есімдік бар 4–5 сөйлем құрастыру.

Мысал

Сен мені білмеуші ме едің?

VI. Іске асыр (жаттығу жұмысы)

193-жаттығу.

VII. Нәтиже (тест жұмысы)

10 сұрақ

  1. 1. Есімдік қандай сөз табы?

    • а) Заттың сынын білдіреді.
    • ә) Есім сөздердің орнына қолданылады.
    • б) Заттың атын білдіреді.
  2. 2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

    • а) 7
    • ә) 5
    • б) 6
  3. 3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?

    • а) 3
    • ә) 2
    • б) 4
  4. 4. Сан есімдерді белгіле.

    • а) он бір, табиғат, сары
    • ә) адам, оқушы, жеті
    • б) алты, он бір, екі мың екі
  5. 5. Дара сын есімдерді көрсет.

    • а) қызыл ала, қара шұбар
    • ә) ақ, қара, ащы
    • б) қара көк, сұлу, сары
  6. 6. Жалқы зат есімдерді анықта.

    • а) Астана, Мұхтар, Ұлан
    • ә) қала, оқушы, сана
    • б) Көксу, ой, газет
  7. 7. Зат есім қандай сөз табы?

    • а) Заттың қимылын білдіреді.
    • ә) Заттың атын білдіреді.
    • б) Заттың санын білдіреді.
  8. 8. Жинақтық сан есімдерді тап.

    • а) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз
    • ә) үшеу, сегіз, он
    • б) біреу, екеу, жетеу
  9. 9. Туынды сын есімдерді белгіле.

    • а) бойшаң, сөзшең, таулы
    • ә) сары, әдемі, көркем
    • б) ұзын, салқын, ақ
  10. 10. Сан есімнің сұрағын анықта.

    • а) қандай? қай? кімнің?
    • ә) қанша? неше? нешінші?
    • б) кім? не? несі?

VIII. Өзіңді бағала

Тақтаға тест жауаптары ілінеді. Оқушылар сол бойынша өз нәтижесін тексереді. Тест пен жұлдызшалар саны есептеліп, бағалау жүргізіледі.

Баға

5 — 9

Баға

4 — 7

Баға

3 — 6

Баға

2 — қалғаны

IX. Үй тапсырмасы

195-жаттығу: мәтінді көшіріп, жіктеу есімдіктерінің астын сызу.

X. Оқушыларды бағалау

Тест нәтижесі мен жұлдызшалар саны негізінде қорытынды баға қойылады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}