Дауыстыларды ата

Сабақтың мақсаты

  • Ашық және қысаң дауыстылардың жасалу жолын меңгерту.
  • Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке және өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
  • Сөйлем талдауға бейімдеу, сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың барысы: ұйымдастыру және қайталау

1) Ұйымдастыру

Сыныптың қатысуын және оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Жаттығуды тексеріп болғаннан кейін «Кубизм» әдісі арқылы өткен тақырыптарды қайталау (сұрақтар арқылы).

Қайталау сұрақтары

  1. Фонетика дегеніміз не?
  2. Әліпбиді қалай түсінесің?
  3. Жазу мен айтылудағы әріп пен дыбыстың айырмашылығын мысалмен түсіндір.
  4. Дауысты дыбыс дегеніміз не? Оларды ата.
  5. Жуан дауыстылар қалай жасалады? Дауыстыларды ата.
  6. Жіңішке дауыстылар қалай жасалады? Дауыстыларды ата.

Жаңа сабақ: ашық және қысаң дауыстылар

Жақтың ашылуына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді (кесте арқылы көрсету).

Ашық дауыстылар

Жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.

а ә о ө е э

Қысаң дауыстылар

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалады.

ы і и у ұ ү

Жаңа сабақты бекіту

Сөздік диктант

Ашық дауысты сөздер

жаз, орақ, еңбек, қонақ, тағалау, сәукеле

Қысаң дауысты сөздер

күн, қызыл, Ақтөбе, күндізгі, құндыз, мыс

Аралас сөздер

жарыс, өсімдік, түйме, инелік, былғары, қуаныш

Әр қатардан бір оқушыны шығарып, төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасату:

Орақ Құндыз Түйме

Жаттығу жұмысы

245-жаттығу (тақтада орындату).

  • 1-қатарға: 1 жұмбақ
  • 2-қатарға: 2 жұмбақ
  • 3-қатарға: карточкаға жазылған жұмбақ

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбысты қойып, көшіріп жаз:

... депті бала, бір ж... шік алма, ...лең айт, ағаш к... пір, с... р көйлек, ақша б... лт, қыран б... ркіт, бір... йір жылқы, қол... рақ.

Төмендегі сөздерді екі топқа бөліп жазып, сол сөздермен сөйлем құра:

Сөздер

ыстық-суық, ізгілікті, алажабақ, ноқта, өрмек, өрнек, хабар, тігін, тұқым, білгір

Екі топ

  • Ашық дауыстылар
  • Қысаң дауыстылар

2-деңгей

Ашық дауысты дыбыс қатысқан 7 туыстық атау жаз.

Мысал: әке, әже, әпке, жеңге, жезде, немере, шөбере.

Қысаң дауысты дыбысы бар 5 ұлттық тағамның атын жаз.

Мысал: ірімшік, шұжық, қымыз, құрт, уыз.

3-деңгей

Жуан және жіңішке дауыстылардан тұратын 3 мақал-мәтел тауып жаз.

«Қыс» тақырыбында шағын әңгіме жаз. Әңгімеде ашық және қысаң дауыстылардың астын сыз.

4-деңгей

Сергіту сәті: сөзжұмбақ

  • Ел ордасы қай қала?
  • Тіл білімінде атын тура атауға тыйым салынған сөздер қалай аталады?
  • «Көне» сөзінің антонимі.
  • Қазақ әліпбиінің 13-әрпі.

Жауап торы

А С Т А Н А   Т А Б У   Ж А Ң А   Й

Қорытынды сұрақтар

  1. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
  2. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  3. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  4. Ашық дауысты дыбыстар қалай жасалады?
  5. Қысаң дауысты дыбыстар қалай жасалады?

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

246-жаттығу: ашық және қысаң дауыстыларды ажырату.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және жауаптарының дәлдігі бойынша бағалау.