Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар

Сабақтың тақырыбы

§ 51. Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

  • СТО технологиясы
  • Топтық жұмыс
  • Тест сұрақтары
  • Кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта Сызбалар Слайдтар Кесте Венн диаграммасы

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға негізгі экологиялық проблемалардың түрлерін, таралу аймақтарын және пайда болу себептерін түсіндіру.
  • Өз бетінше ізденіп, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Ойды еркін, сауатты әрі нақты жеткізу қабілетін дамыту.
  • Жан-жақтылыққа және ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Міндеттері

  • Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
  • Өзіндік жұмыс істеу қабілетін жетілдіру.
  • Логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
  • Картамен жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Өзектілігі

Оқушы үшін

  • Шығармашылық қабілеті дамып, өз ойын жеткізу дағдысы қалыптасады.
  • Ақыл-ойы жетіледі.
  • Дербестік, өз күшіне сенімділік және «жетістік» сезімі артады.

Мұғалім үшін

  • Кәсіби тәжірибесі мен шығармашылық әлеуетін оқу бағдарламасын жүзеге асыруда тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
  • Оқушының тұлғалық дамуын және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үдерістің жаңашылдығы мен тұтастығын қамтамасыз етеді.

Сабақтың барысы

I кезең. Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру және топтық жұмыс

Ұйымдастыру (2 минут)

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгелдеу.

Топқа бөлу

Оқушыларға адам экологиясы, адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар туралы сұрақтар қойылады. Түрлі түсті қағаздар арқылы топтарға бөлінеді:

Сары түс «Атмосфера» тобы
Көк түс «Гидросфера» тобы
Жасыл түс «Биосфера» тобы
Күлгін түс «Литосфера» тобы

Бағалау критерийлері

«5» «4» «3»

Әр тапсырмадан кейін топ мүшелері бір-бірін жауап сапасына қарай бағалайды. Әр топтан бір оқушы бағалау парағына белгі қойып отырады. Сабақ соңында ұпайлар есептеліп, қорытынды шығарылады.

Топтық сұрақтар (8 минут)

  1. 1-топ: Қазақстанның табиғи қорлары қандай топтарға бөлінеді?
  2. 2-топ: Табиғи қорларды тиімді пайдалануға сен қандай үлес қоса аласың?
  3. 3-топ: Тіршілік ортасы адам денсаулығына қалай әсер етеді?
  4. 4-топ: Өздерің тұратын жердің табиғаты адам өмірі үшін қолайлы ма? Жауабыңды дәлелде.

II кезең. Мағынаны тану

Оқу, талдау, ақпаратпен жұмыс

Оқушылар берілген тақырыпшаны оқып, белгіленген бөлімдер бойынша талдау жүргізеді. Мұғалім экологиялық проблемалар туралы қысқаша мәлімет береді.

Негізгі мазмұн

  • Экологиялық проблемалар туралы түсінік.
  • Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар.
  • Материалды бекіту үшін слайдтарды қолдану.

Ескерту

Тақырыпты меңгерту барысында интерактивті материалдар (сызбалар, кестелер, Венн диаграммасы) оқушылардың салыстыру, дәлелдеу және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталады.