Арифметика ғаламшарына хош келдіңіздер

Сыныптан тыс жұмыс: «Арифметика ғаламшары»

Бұл сыныптан тыс жұмыстың оқу мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының математика мен жаратылыстану бағытындағы пәндерге қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар оқушылардың алған білімін функционалдық сауаттылық тұрғысынан кез келген жағдайда тиімді қолдануына бағыт-бағдар беру және оны негіздеу.

Бағыт Математика + жаратылыстану
Нәтиже Қызығушылық, командалық жұмыс, қолданбалы ойлау

Сабақ барысы

Төменде «Арифметика ғаламшары» атты сыныптан тыс жұмыстың құрылымы, кезеңдері және ұйымдастыру нұсқаулары берілген. Әр кезең оқушының қызығушылығын оятып, білімін тәжірибеде қолдануға бағытталады.

1 минут

Сәлемдесу

Армысыздар, құрметті оқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі жаратылыстану мен математика пәндерінен қосымша тапсырмалар сіздер үшін маңызды әрі қызықты болады деп ойлаймын. «Арифметика ғаламшарына» қош келдіңіздер!

4 минут

Тимбилдинг: «Тәж»

Нұсқау

Балалар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім «Арифметика ғаламшарының» алтын тәжін қасындағы оқушыға кигізіп, жылы лебізін бір ауыз сөзбен айтады. Айтылған сөздер қайталанбауы керек.

  • Мақсаты: сенімді қарым-қатынас орнату, позитивті атмосфера қалыптастыру.
  • Ереже: бір ауыз сөз, қайталанбайды.
3 минут

Қызығушылықты ояту: ойын ережесі

Ойынға 2 топ қатысады. Әр топ 6 ойыншыдан құралады.

Ойын барысында әр топ өздерінің алдарында жатқан Блумның білім пирамидасын құрастырып шығуы керек. Пирамида 6 қабаттан тұрады, яғни біз 6 түрлі тапсырма орындап, кубокқа қол жеткізуіміз қажет.

Бағалау және марапат

  • Кубок — жеңімпаз топқа беріледі.
  • «Рейтинг» бағалау әдісі арқылы математикалық қабілеті жоғары оқушыға арнайы медаль табысталады.
  • Жаратылыстану бағыты бойынша ұшқырлық танытқан оқушы да арнайы медальмен марапатталады.
Мағынаны тану

Топқа бөліну және топ ережесі

Нұсқау

«Ғаламшар тұрғындары» ретінде барлығыңыздан пазл бөліктерін алуды сұраймын. Осы пазлдар арқылы не жасауға болады? Бірге ойланайық.

Оқушылар А4 форматындағы пазл қиындысын (суреттерді) құрастырып, сол арқылы екі топқа бөлінеді.

1-топ

«Мәңгілік ел»

2-топ

«Арифметика»

Әр топ топтық жұмыс ережелерімен танысып, оларды флипчартқа жазып, көрнекі жерге іледі.

Топтың ерекшелігін көрсету мақсатында қатысушылар арнайы білім мантиясы мен конфедератка (білім қалпағы) киеді.

Дайындаған

Бастауыш сынып мұғалімі: Ж. С. Нұрмағанбет

Материал: «Арифметика ғаламшары» сыныптан тыс жұмыс