Картон қағаздан сәукеленің үлгісін дайындау

Кіріспе

Ұлттық киім үлгісіндегі қуыршақ дайындау барысында дайын қуыршақтың дене бөлігін негіз етіп алдым. Жұмысқа картон, қағаз, желім, арнайы түрлі-түсті мата, ленталар, оюлы тесма, өлшеуіш лента, қайшы, қалам, сызғыш және өшіргіш қолдандым.

Тарихи негіз

Қуыршақтың тарихы шамамен 7000 жыл бұрын қалыптаса бастаған. Ежелгі көшпенділер — ата-бабаларымыз — оны киізден жасаған. Көшпенділер дәуірінде қолөнер мен сән өнері жоғары деңгейге көтерілді. Ғылымда бұл кезеңнің мәдени-тарихи мұраларын көбіне сақ, ғұн және үйсін өнері контекстінде қарастырады.

Жобаның мақсаты

Бұл жобада “Ұлттық киім үлгісіндегі қуыршақтарды дайындау” технологиясымен танысып, негізгі шаблондарды картон қағаздан әзірлеу үлгісі ұсынылады.

Жасалу кезеңдері

I. Картоннан шаблон әзірлеу

  1. 1 Дайын қуыршақтың жоғарғы дене бөлігін (басын, қолдарын) аламыз.
  2. 2 Картоннан сәукеленің үлгісін дайындаймыз.
  3. 3 Картоннан қуыршақтың етек бөлігінің үлгісін дайындаймыз.
  4. 4 Картоннан сандықшаның үлгісін дайындаймыз.
  5. 5 Картоннан сандықшаның түбінің үлгісін дайындаймыз.

II. Матамен қаптау және безендіру

  1. 6 Дайын шаблон бойынша матадан қамзолдың үлгісін жасаймыз.
  2. 7 Қамзолдың жеңін лентамен желбіршектеп тігеміз.
  3. 8 Көйлектің етек бөлігін лентамен желбіршектеп тігеміз.
  4. 9 Сандықшаның сыртқы бетін лентамен желім арқылы қаптап, сәндейміз.
  5. 10 Сәукелені желіммен қаптап, үкі, бисер моншақ, дайын ленталармен шашбау жасап әшекейлейміз.
  6. 11 Тоқыма жіптен өрім жасап, сәукеле үлгісін толықтырамыз.
  7. 12 Қуыршақты жинақтап, дайын үлгіні аяқтаймыз.

Қажетті құрал-жабдықтар және шығын

Керекті құрал-жабдықтар Бағасы
1 Қамзолға арналған мата 100 тг
2 Дене бөлігіне арналған мата 100 тг
3 Лента 500 тг
4 Үкі 250 тг
5 Тесма 90 тг
6 Тоқыма жіп 60 тг
7 Моншақ 30 тг
Жалпы шығын 1130 тг

Қорытынды және ұсыныс

Қазақта “Көз — қорқақ, қол — батыр” деген сөз бар. Осыған сүйене отырып, оқушылардың шығармашылық жұмыстары мектептерде жиірек ұйымдастырылса деген ұсыныс айтамын.

Қазіргі кезде ұлттық киім үлгісіндегі бұл қуыршақты тойларда, әсіресе қыз ұзату рәсімінде қоржын ретінде де қолданып жүр. Бұл — менің алғашқы жұмысым. Алдағы еңбектерімді 2012 жыл — Ұлу жылына арналған жарнама-ұсыныс ретінде ұсынғым келеді. Келіңіздер, көріңіздер!