Ұлы Отан соғыс жылдары

9-сынып. Дүниежүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы

Екінші дүниежүзілік соғыс

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Ойын элементтері

Көрнекіліктер

  • Карта
  • Суреттер
  • Кесте

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік мақсат

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл әрі қанды қырғынға айналған Екінші дүниежүзілік соғыс туралы білімді жүйелеу: фашизмге қарсы шайқастарды, ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді қайталау және қорытындылау. Мақсат — тарихи деректерді өскелең ұрпақтың санасына терең сіңіру.

2) Тәрбиелік мақсат

Оқушыларды патриоттық сезімге, саяси және құқықтық мәдениетке, ұлтжандылыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу.

3) Дамытушылық мақсат

Оқушылардың жалпы қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру және оқу белсенділігін күшейту.

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы екі негізгі кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту және мағынаны тану. Әр бөлімде оқушылардың білімін нақтылау, салыстыру, сәйкестендіру және тарихи фактілерді дәлелді айту дағдылары бекітіледі.

I. Қызығушылықты ояту

  1. 1

    Психологиялық ахуал

    «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы сыныпта өзара сенім мен ынтымақтастық қалыптастыру.

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

    Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы бойынша негізгі сұрақтар арқылы білімді қайта жаңғырту.

Қайталау сұрақтары

  • Соғыс басталған жыл.
  • Соғысты бастаған мемлекеттер.
  • Соғыстың себептері.
  • Ұлы Отан соғысының жылдары.
  • Соғысқа қатысқан мемлекеттердің саны.
  • Соғыстың нәтижесі.

II. Мағынаны тану

1) Картамен жұмыс

Негізгі майдандар мен бағыттарды картадан анықтау: басқыншылықтың географиясын, майдан шебінің өзгерісін, одақтастар әрекетін талдау.

2) «Суреттер сөйлейді»

Тарихи тұлғалардың бейнесі мен рөліне талдау жасау:

  • И. Сталин
  • Ф. Рузвельт
  • Б. Муссолини
  • У. Черчилль
  • А. Гитлер
  • Есукэ Мацуока

3) Сәйкестендіру

Терминдер, оқиғалар, тұлғалар және даталарды сәйкестендіру арқылы есте сақтау мен жүйелеу дағдыларын дамыту.

4) «Кім? Қайда? Қашан?» (ҰОС)

Ұлы Отан соғысына қатысты маңызды деректерді нақтылау: тұлғалар, география және хронология.

«Кім? Қайда? Қашан?» тапсырмалары

Кім?

  1. «Барбаросса» жоспарын кім құрды? А. Гитлер

  2. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш: Т. Бигелдинов

  3. Генерал И. Панфилов басқарған 316-дивизия құрамында асқан ерлігімен танылған: Б. Момышұлы

  4. Рейхстагқа ту тіккен: Р. Қошқарбаев

Қайда?

  1. 1939 жылғы 1 қыркүйекте фашистік Германия соғысты қай жерде бастады? Польшада

  2. 1941 жылғы 22 маусымда фашистік Германия қай елге шабуыл жасады? КСРО-ға

  3. 1945 жылғы ақпанда Сталин, Рузвельт, Черчилль қатысқан конференция қайда өтті? Қырымда

  4. 1945 жылғы тамызда АҚШ атом бомбасын қайда тастады? Жапонияның екі қаласына

Қашан?

  1. КСРО мен Германия арасындағы шабуыл жасаспау туралы пактке қашан қол қойылды? 1939 ж.

  2. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? 1941 ж. 22 маусым

  3. Мәскеу үшін шайқас қашан өтті? 30.09.1941 – 20.04.1942

  4. Берлин операциясы қашан өтті? 16.04 – 02.05.1945

Назарға алу

Сабақ барысында хронологияны, географияны және тұлғалардың тарихи рөлін бір-бірімен байланыстыра қарастыру — тақырыпты терең меңгерудің негізгі жолы.