Анықталмаған интегралды табу формуласы

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Анықталмаған интегралдың негізгі кестелік формулаларын меңгерту және оларды практикада қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік

Оқушыларды алғырлыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және бәсекеге қабілетті тұлға болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Шығармашылықпен жұмыс істеуге және тез ойлауға дағдыландыру; өз жетістігін бағалай білуге, қарым-қатынасты нығайтуға үйрету.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Форматы

  • Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, дамыту сабағы
  • Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру
  • Сабақтың әдісі: жарыс түрінде, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақтаға арналған слайдтар
  • Құнды қағаз (сыйлық/марапат)
  • Формула жазылған плакаттар

Сабақтың сценарийі: «Тендер» форматы

Интерактивті тақтада хабарландыру беріледі: Астана қаласы білімді жастар арасында білім беру орталығын ашуға тендер жариялайды. Үш топ—«Сұңқар», «Қыран», «Жігер»—тапсырмалар орындап, ұпай жинайды. Ең көп ұпай алған топ құнды қағазға ие болып, білім орталығын ашу мүмкіндігін алады.

Негізгі қағида

Ұпай жинау → жеңімпазды анықтау

Тендер шарттары

  1. 1 Жоба қорғау
  2. 2 Лездік тапсырма
  3. 3 «Алғырлық кілті»
  4. 4 «Өзіңді тексер»
  5. 5 Қорытынды

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, қатысымды анықтау.
  • Аудиторияның тазалығын тексеру.
  • Оқушыларды үш топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру — «Жоба қорғау»

Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша жобасын қорғайды. Әр топқа 4 минут уақыт беріледі.

Сұңқар

Интегралдың шығу тарихы

Қыран

Интеграл ұғымы

Жігер

Интегралдың қолданылуы

III. Қызығушылықты ояту (сұрақ-жауап)

Үш топ оқушылары сұрақтарға жарыса отырып жауап береді:

  1. 1 Алғашқы функцияны табу мен интегралдаудың арасында айырмашылық бар ма?
  2. 2 Алғашқы функцияның жалпы түрі мен анықталмаған интеграл ұғымын байланыстыратын формуланы атаңдар.
  3. 3 Анықталмаған интегралдың анықтамасы қандай?
  4. 4 Анықталмаған интегралды табудың негізгі формуласы қандай?

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Функцияның белгілі туындысы бойынша оның алғашқы функциясын анықтауды интегралдау деп атаймыз.

Интегралдау амалы — дифференциалдау амалына кері амал. Сондықтан функцияны интегралдау үшін, ең алдымен, оның алғашқы функциясын табу қажет.

Қарапайым функциялар үшін дифференциалдау формулаларын пайдалану арқылы алғашқы функцияны салыстырмалы түрде оңай анықтауға болады.

V. Жаңа сабақты бекіту

II. Лездік тапсырма

«Өз орнын тап» және «Жартыңды тап» ойындары арқылы формулалар мен есептердің жалғасын/жауабын табасыздар. Үш топқа бірдей тапсырмалар үлестіріледі.

  • «Өз орнын тап»: формулалардың жартысы беріліп, жалғасын тауып орнына қоясыздар.
  • «Жартыңды тап»: есептерді шығарып, дұрыс жауапты стрелкамен сәйкестендіріп, түрлі түсті сиямен бағыттайсыздар.

III. «Алғырлық кілті»

Қате жазылған есептер ұсынылады. Топ болып бірлесе талқылап, қателерін табасыздар.

Уақыт: 5 минут

IV. «Өзіңді тексер»

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Әр оқушы өз деңгейіне сәйкес тапсырмаларды орындайды.

Бағдар: жеке жұмыс + өзін-өзі бағалау

VI. Қорытынды

Сарапшылар ұпайларды (құнды қағаздарды) есептеп, жеңімпаз топты жариялайды. Нәтижесінде жеңімпаз атанған топ — «Қыран».

Қорытынды сөз: «Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет.»

VII. Бағалау

Әр тапсырманы орындау барысында оқушылардың біліміндегі олқылықтар дер кезінде айтылып, түзетіліп отырды. Жалпы 15 оқушы бағаланды.

VIII. Үй тапсырмасы

  1. 1 «Интеграл» сөзіне сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру.
  2. 2 В. Т. Лисичкиннің «Математика» кітабынан №40–45 есептерді шығару.