Сендер көздеріңді ашып, сол затты табыңдар
ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы
Амангелді орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Ошаева Айгүл Тлектесовна
Денсаулық – зор байлық
Бұл тәрбие сағаты оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі ең қымбат құндылық екенін түсіндіріп, дұрыс тамақтану мен тазалық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ қимыл-қозғалыс арқылы шынығуға ынталандыруға бағытталған.
Тәрбие сағатының мақсаты
- Жас ұрпаққа денсаулықтың қымбат әрі өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екенін ұғындыру.
- Қимыл-әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін-жерін қорғауға қажетті күш-қуатты арттыру.
- Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсерін түсіндіру; тазалық, жеке бас гигиенасы және мәдени дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекіліктер
Нақыл сөздер, тірек кестелер, көріністер.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сабаққа дайындық.
2) Үй тапсырмасын талқылау
Оқушылар денсаулықты сақтау және жеке бас гигиенасын ұстану туралы ойларымен бөліседі, өлеңдер айтады.
Кел, балалар, кел бері,
Қыздырайық денені.
Орнымыздан тұрайық,
Жүгірейік бір уақ!
Ауруға жол бермей,
Ішін-сыртын таза ұста.
Барлық тісің маржандай,
Жарқырап тұрсын аузыңда.
3) Ой ашу: блиц-турнир
Қысқа сұрақтар арқылы оқушылардың түсінігі бекітіледі.
Сұрақ
Тіс тазартатын құралдар
Щетка, паста
Жұмбақ
Ол судан қорқады, одан кір қорқады
Сабын
Сұрақ
Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ
Дене тәрбиесі
Сұрақ
Жалқаудың досы
Еріншектік, ұйқы
Сұрақ
Адам өміріне ең қажет
Ауа, су, жылу, жарық, тамақ
Қорытынды
Тазалық нені күшейтеді?
Тазалық — денсаулық кепілі
Денсаулық мына үш тірекке сүйенеді: тамақ, күш-қуат, тазалық.
Топпен жұмыс
1-топ: Қозғалыс және спорт
- Дене шынықтырудың маңызы қандай?
- Спорттық ойындардың қандай түрлерін білесіңдер?
- «Өзі тоймастың, көзі тоймас» дегенді қалай түсінесіңдер?
2-топ: Тазалық және тамақ
- Жеке бас тазалығы деген не?
- Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның «достары» қандай? (сабын, паста, сүлгі, су)
- Тамақтың пайдасы мен зиянын айт. Мысал келтір: сыра — сүт, алма — кәмпит.
Денсаулықтың достары мен қастары
Достары
- Тазалық
- Дұрыс тамақтану
- Спорт және қозғалыс
- Таза ауа, су
Қастары
- Еріншектік, ұйқыға салыну
- Тазалықты сақтамау
- Зиянды әдеттер (мысалы, шылым)
- Дұрыс емес тамақтану
Сергіту сәті
Денені шынықтыратын қысқа жаттығулар орындалады.
Әңгіме оқу және талдау
Кірқожалақ қыз туралы әңгіме
Ерте кезде қолын жууды, жуынуды ұнатпайтын кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Тазалықты сақтамағандықтан, қол-аяғындағы жаралары денесіне тарап, ауыз арқылы кірген микробтар оны ауруға шалдықтырады. Дәрігер қызды тексеріп, ауруды жеңуге көмектесетін ғажайып затты ұсынады.
Бұл қандай зат болуы мүмкін?
Оқушылар өз болжамдарын айтады, содан кейін жұмбақтар шешіледі.
Жұмбақтар
1) Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.
Жауабы: су
2) Не зиян? Не пайдалы?
Талқылау: пайдалы және зиянды әдеттер.
3) Тіс емдейтін дәрігер
Жауабы: стоматолог
4) Көз көрмегенде киетін зат
Жауабы: көзілдірік
5) Асқар тауда қара орман
Жауабы: шаш
6) Тәні саудың —
Жауабы: жаны сау
Ой қозғау: жеке бас гигиенасы
Жеке бас гигиенасын сақтау нені білдіреді?
- Таза жүру, таңертең жаттығу жасау, жүгіру, жуыну.
- Тырнақты өсірмей, уақытында алып тұру.
- Мектепте де, үйде де тазалықты сақтау: қолды сабындап жуу, тісті тазалау, лас заттарды ұстамау.
- Жеміс-жидекті жуып жеу, тамақты асықпай шайнау, тамақ үстінде сөйлемеу.
- Спортпен айналысу және денені шынықтыру — аурудың алдын алады.
- Еңбекке қабілетті болып өсу үшін денсаулықты күту қажет; тазалық терідегі жаралардың алдын алады.
Нақыл сөздің мәні
Ой қозғау
«Денсаулық – зор байлық» дегенді қалай түсінесіңдер?
Байлық туралы салыстыру
Байлықты ақша, көлік сияқты дүниелермен өлшеуге болады. Бірақ ең үлкен байлық — денсаулық.
Қосымша жұмбақтар
1) Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді.
Жауабы: көз
2) Өзі кірді ашады, суға салса қашады.
Жауабы: сабын
3) Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта.
Жауабы: тіс
4) Аузы жоқ, көзі жоқ, тілі жоқ, сөзі жоқ. Бірақ тісі бар. Басыңмен ісі бар.
Жауабы: тарақ
Көрініс
«Кір қоймас»: ата-ананың сабын туралы әңгімесі (тазалықтың маңызын ашатын шағын көрініс).
Ойындар және тәжірибелік бөлім
Ойын: «Қай заттың орны ауысты?»
Ойын шарты: заттарды мұқият қарап алыңдар. Көздеріңді жұмған кезде бір заттың орны ауыстырылады. Көздеріңді ашып, қай заттың орны өзгергенін табыңдар.
Талқылау сұрағы
Осы заттардың ішінде адам денсаулығына зияны бар зат қайсы? Неліктен? Шылым.
Қорытынды: қойылған заттарды тұрмыстық гигиена құралдары деп атауға болады; олардың пайдасы — тазалықты сақтауға көмектесуі.
Көрініс: «Тісі ауырған қолтырауын»
Тіс ауруының алдын алу, уақытылы қаралу және күтім жасау тақырыптары ашылады.
Тіс күтімі: дәрігермен кездесу
Тісті дұрыс тазалау, тәттіні мөлшермен пайдалану, стоматологқа жүйелі қаралу туралы кеңес беріледі.
Мақал-мәтелдер және көз жаттығулары
Денсаулық туралы нақылдар
1) Ас — адамның арқауы.
2) Ас — иесімен тәтті, табағымен жақсы.
3) Бал ұстаған бармағын жалатады.
4) Өзі тоймастың көзі тоймас.
5) Тәні саудың — жаны сау.
6) Көзің ауырса — қолыңды тый, ішің ауырса — аузыңды тый.
7) Тазалық — саулық кепілі, саулық — байлық кепілі.
8) Демі бардың — емі бар.
9) Денсаулық — зор байлық.
Көз бұлшықеттерін нығайту жаттығулары
- Көзді жоғары-төмен, оңға-солға баяу қозғау.
- Жақын және алыс нүктеге кезекпен қарау.
- Көзді жұмып, 10 секунд демалдыру.
Қорытынды бөлім
Ойын: «Сен маған, мен саған»
Оқушылар бір-біріне денсаулық, тазалық, дұрыс тамақтану және спорт туралы сұрақ қойып, қысқа әрі нақты жауап береді.
Ой тұжырымы
- Бүгін біз қандай тақырыпты талқыладық?
- Нені жадымызда сақтап, әдетке айналдыруымыз керек?
- Қандай азамат болып өсуіміз керек?
Түйін: Денсаулық — ең үлкен байлық. Оны сақтау — тазалықтан, дұрыс тамақтанудан және белсенді өмір салтынан басталады.