Адасқан бала
Сабақ тақырыбы
«Адасқан бала»
Оқу мақсаттары
- Мәтінді мәнерлеп, нақышына келтіріп айтуға үйрету.
- Автор туралы ой-пікірді кеңейту, мәтін мазмұнын талдай білу.
Тілдік мақсат
Пәндік лексика мен терминдерді қолдану, диалог пен жазылымда нақты сөз тіркестерін орынды пайдалану.
Диалог пен жазылымға арналған жетекші сұрақтар
- Түркістан туралы не білесің?
- Түркістан қай жерде орналасқан?
- Түркі елдеріне қай халықтар жатады?
- Қай қалалардың атауын атай аласың?
Сабақтың басы
Топқа біріктіру
Оқушыларды шағын топтарға біріктіріп, әр топқа ортақ мақсат пен рөлдерді нақтылап беру.
Ширату: сұрақ-жауап
- М. Жұмабаев кім?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
- Бір шумақ өлеңін оқып бер.
- Түркістан қандай қала?
- Қайда орналасқан?
- Кім барып көрді? Қандай әсер алдың?
Сабақтың ортасы
Автор туралы мағлұмат
Соңғы жылдары бүгінгі күн тақырыбына, қазіргі замандастардың өміріне қалам тартып жүрген қаламгерлердің бірі — Қабдеш Жұмаділов. Ол 1936 жылы Шығыс Түркістанның (қазіргі Шынжаң өлкесі) Тарбағатай аймағындағы Шәуешек өңірінде дүниеге келген.
Әңгіме, хикаят жинақтары
- «Қаздар қайтып барады»
- «Сарыжайлау»
- «Сәйгүліктер»
Романдары
- «Көкейкесті»
- «Бақыт жолында»
- «Соңғы көш»
«Адасқан бала» әңгімесінің жоспар-желісі
1) Жәнібектің «Жако» атануы
2) Жаконың аяқ астынан жоғалуы
3) Ала көйлекті баланы сұрастыру
4) Балалардың ойыны
5) Бассейнді іздеу
6) Ақырғы аялдама
7) Милицияның балалар бөлмесі
8) Ата-тегін толық жаттауға мәжбүр болуы
Талдауға арналған сұрақтар
- 1 Әңгіме кім туралы?
- 2 Жәнібек қалайша аяқ астынан жоғалып кетті?
- 3 Ол қандай оқиғаларды басынан кешірді?
- 4 Жәнібек неліктен ата-анасының аты-жөнін толық жаттап алуға мәжбүр болды?
Оқулықпен жұмыс
- Тізбектей оқыту.
- Іштей оқыту.
- Мазмұнын ашу және негізгі ойды анықтау.
Қосымша тапсырма: «Адасқан бала» мәтіні бойынша қысқаша мазмұндама жазу.
«Адасқан бала» материалын жүктеу