Отыз бестерде
Сабақтың тақырыбы
Жинақтық және болжалдық сан есімдер.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сан есімнің жинақтық және болжалдық мағыналық ерекшеліктерін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын, өз бетімен ізденуін, ойлау қабілетін дамыту; ойын нақты әрі жүйелі айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, елін сүйетін рухы биік тұлға болуға тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі
- Сабақтың әдісі
- СТО, оқулықпен жұмыс
- Сабақтың жабдығы
- Интербелсенді тақта
- Пәнаралық байланыс
- Математика, әдебиет, халық педагогикасы
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, оқу құралдарын түгендеу, зейінді шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
166-жаттығу. «Ой шақыру» сұрақтары арқылы қайталау жұмысы жүргізіледі.
Ой шақыру
- Сан есім дегеніміз не?
- Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Дара сан есім дегеніміз не?
- Күрделі сан есім дегеніміз не?
- Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Есептік сан есімнің сұрағы қандай?
- Реттік сан есімнің сұрағы қандай?
3) Жаңа сабақ
Жинақтық сан есім
Заттың жинақталған санын білдіреді және «нешеу?» деген сұраққа жауап береді.
Жасалу жолы
Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Мысалдар: біреу, алтау, жетеу.
Дыбыстық өзгеріс
Дауысты дыбысқа аяқталатын екі, алты, жеті сөздеріне -ау/-еу жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, -і дыбыстары түсіріліп қолданылады.
- екі + еу → екеу
- алты + ау → алтау
Мағыналық ерекшелік
Жинақтық сан есімдер заттанып, заттық мағына бере алады.
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.»
Болжалдық сан есім
Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді; «қанша?», «неше?», «қай шамалы?», «қаншадан?» сияқты сұрақтарға жауап береді.
1) Жұрнақтар арқылы
-лаған/-леген, -даған/-деген, -таған/-теген, -лап/-леп, -дап/-деп, -тап/-теп, -дай/-дей, -тай/-тей.
Мысалдар: жүздеген, мыңдап, елулеп.
2) Көптік + септік жалғаулары арқылы
Есептік сан есімдерге алдымен көптік жалғауы, одан кейін жатыс немесе барыс септік жалғауы жалғанады.
Мысалдар: елулерде, отыз бестерге.
3) Қосарлану арқылы
Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы да болжалдық мағына жасалады.
Мысалдар: жетпіс-сексен, жүз-жүздеген.
4) Тіркесті сөздер арқылы
Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.
Мысалдар: мыңға тарта, жүз шамалы, отызға жуық.
Оқулықпен жұмыс
- 168-жаттығу — жазбаша.
- 171-жаттығу — ауызша.
4) Семантикалық кесте
| № | Мысал | Есептік | Реттік | Жинақтық | Болжалдық |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Екеу | ✓ | |||
| 2 | Біреу | ✓ | |||
| 3 | Екі-үш | ✓ | |||
| 4 | Бесінші | ✓ | |||
| 5 | Жетеу | ✓ | |||
| 6 | Мыңдаған | ✓ | |||
| 7 | Алпыстай | ✓ | |||
| 8 | Отыз бестерде | ✓ |
5) Таңбамен жұмыс (сөзжұмбақ)
Берілген үлгілер
- Тү + 1
- К + 2 + л
- К + 3 + ік
- 7 + к
- 3 + көз
- 9 + құмалақ
Шешімі
Негізгі ұғым: болжалдық.
6) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды сергіту.
7) Үйге тапсырма
- 167-жаттығу
- 170-жаттығу
- «Олимпиада кереметтері» тақырыбында шығармашылық жұмыс.
8) Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай қалыптастырушы және қорытынды бағалау жүргізіледі.