Жас жемісті жұлма, Жас баланы ұрма

Қазақ мақал мәтелдері
Алғыс, бата - тілек жайында мақал - мәтелдер
Алғыс алған шеккі емес,
Қарғыс алған көктемес.

Біреудің баспағына өлім тілесең,
Өзіңнің өгізің өледі.

Жаман болса да –
Аман болсын.

Қыз – мінезді келсін,
Ұл – өнерлі келсін.

Ақылың ассын,
Ықыласың тассын.

Жаман да болса, ұрпақ қалсын,
Өз орныңда отың жансын.

Құдай ошақтың үш бұтынан берсін.

Қалыңға құсың түспесін,
Жаманға ісің түспесін.

Ас ішсең, атауыңды іш,
Ауырсаң, мұрттай ұш.

Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.

Жас жемісті жұлма,
Жас баланы ұрма.

Ас үстінен аттама,
Астан үлкен емессің.

Жақсыдан жылы сөзіңді аяма.

Сиырға су көрсетпе,
Жаманға сый көрсетпе.

Есікті керме,
Табалдырықты баспа.

Ақты төкпе,
Асты теппе.

Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

Есік көргенді алма,
Бесік көргенді ал.

Біреудің қолымен от көсеме.

Атамдатсаң - атамдат,
Ботамдатпа , құдайым.

Жамбасқа – тісім,
Құдайға тілім тиген жоқ.

Бастарыңнан – ой,
Төрлеріңнен той кетпесін.

Малыңнан – құрық,
Басыңнан сырық кетпесін.

Ұлың өссе – ұлығың,
Қызың өссе – қылығың,
Қыз ұзатып, келін кеп,
Бола берсін қызығың.

Дастарханда нан болсын,
Нанды жейтін жан болсын.

Көп қылсын, көл қылсын,
Түгесілмейтін мол қылсын.

Қақпаның қанды болсын,
Мылтығың майлы болсын.

Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың құлы бол.

Ақылың ассын,
Ырысың тассын.

Алдыңнан артың биік болсын,
Алдыңнан артың озық болсын.

Күннің шуақты болсын,
Көңілің суатты болсын.
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің келісті болсын.

Жолыңа жуа бітсін,
Сөзіңе дуа бітсін.

Көр топырағы көзіңе түспесін,
Сөз салмағы өзіңе түспесін.

Жолыңа жуа шықсын.

От ана, май ана, жарылқа!

Бала берсең – сана бер,
Сана бермеген балаңды,
Қайтып өзің ала бер.

Бота алғанша,
Бата ал.
Алтын алғанша,
Алғыс ал.

Өлмесең – өмірем қат.

Ақ дегені – алғым,
Қара дегені – қарғыс.

Алғыс алған – ағарар,
Қарғыс алған – қараяр.

Алғыс алған жігіттің
Аты бәйгеден келеді.

Азын - аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын, -
Бақыт деген сол.

Аспанымыз ашық болсын,
Берекелі нәсіп болсын.
Пәле - жала қашық болсын,
Қуанышың асып толсын.

Жегенің – желкеңнен шықсын.

Көсегең көгеріп,
Көрпең ұлғаймасын.

Тілекте түп болмайды.



Ұқсас жұмыстар

Тыйым сөздер
Тыйым сөздердің жалпы сипаты, олардың ерекшеліктері
Жолға қатысты ырым - тыйымдар
Қазақы ырым-тыйымдардың – діни-философиялық астарлары
Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым - тыйымдар
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны
Бала тәрбиесі - бесіктен
Отбасы – көркем әдебиетте
Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары
Қазақ халық ойындарының зерттелуі
Баланың мектепке келу мәселесі
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
ӨМІРҰЛЫ ЖАСЫБАЙ
САҒЫРБАЙҰЫЛ ҚҰРМАНҒАЗЫ
Брокерлік фирманың қор операциялары жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру
Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құрылымдаудағы машина жасау өнеркәсібінің маңызы
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Қазақстанда жастарға арналған әлеуметтік қызмет
Жастардың әлеуметтік қазіргі жағдайы мен перспективасы