Ата заңымыздың тарихы

Мақсат

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата Заңға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Шыншыл, әділетті, парасатты тұлға тәрбиелеу.

Форматы

Кездесу, пікірталас

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, қанатты сөздер

Негізгі ұстаным

Құқығыңды қорғауды үйрен, бірақ өзгелердің де құқығы бар екенін ұмытпа.

Бағдарлама құрылымы

  1. I Ата Заңымыздың тарихы
  2. II Мен заңды қаншалықты білемін?
  3. III Сенің құқығың – менің құқығым (оқушы құқығы)
  4. IV Ешқандай заңы жоқ арал
  5. V Тығырықтан шығар жол қайсы? (ситуациялық тапсырмалар)
  6. VI Қылмыскер бала қайдан шығады?
  7. VII Психологиялық тренинг
  8. VIII Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
  9. IX Ойды аяқта (мақал-мәтелді жалғастыру, түсіндірме беру)
  10. X Қорытынды

I бөлім. Ата Заңымыздың тарихы

Бұл бөлімде Конституцияның қоғамдағы рөлі, құқық пен жауапкершіліктің байланысы, заңды құрметтеудің азаматтық мәдениеттегі орны талқыланады.

Есте сақтайтын ой

Құқығыңды қорға, бірақ өзгелердің де құқығын сыйла.

II бөлім. Мен заңды қаншалықты білемін?

Төмендегі жағдайларды талқылап, қайсысы құқық бұзушылыққа жатады, қайсысы қоғамдық тәртіпке қатысты, ал қайсысы азаматтық жауапкершілікпен шешілетінін анықтаңыз.

  • 1) Тыйым салынған заттарды сату

    Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.

  • 2) Түнгі тыныштықты бұзу

    Түнгі көшеде жастар айқайлап, өлең айтып келе жатыр.

  • 3) Артық ақшаны қайтармау

    Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді. Сатып алушы артық екенін біле тұра, қайтармады.

  • 4) Қорқыту арқылы ақша талап ету

    Бір оқушы сыныптасына: «Ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.

  • 5) Қоршаған ортаға зиян келтіру

    Химиялық зауыт зиянды қалдықтарын өзенге төкті. Сол өңірдің экологиялық жағдайы нашарлады.

  • 6) Ұрлық

    Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.

  • 7) Бөтен мүлікті бүлдіру

    Сыныптағы бір оқушы екінші оқушының сөмкесін сызып тастады.

V бөлім. «Тығырықтан шығар жол қайсы?»

Бұл бөлімде өмірлік жағдайлар ұсынылып, қауіпсіз шешім қабылдау, жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықты қолдану дағдылары қалыптастырылады.

Ситуация 1: Көшедегі көрініс (түнгі 23:00, 11-сынып оқушылары)

Асқар:

Шыңғыс, қазір үлкендердің дискотекасы барын білесің бе?

Шыңғыс:

Иә, иә. Айтпақшы, бүгін жиналып барып, қызықтаймыз ғой.

Асқар:

Жүр, ендеше солай қарай барайық.

Шыңғыс:

Кеттік. Жолшыбай Ердоcқа соға кетейік, ол да баруы мүмкін.

Асқар:

Ердоc, біз дискотекаға бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр. Бізбен бірге жүрсеңші.

Ердоc:

Жоқ, алдымен ата-анама ескертуім керек. Әйтпесе алаңдап қалар.

Асқар:

Ту, ата-анаңа айтып не істейсің? Біз сияқты айтпай кетіп қалмайсың ба? Сұрансаң, жібермей қалады.

Ердоc:

Жоқ, балалар. Мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақта ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір қиындыққа тап болуымыз мүмкін.

Асқар:

Онда өзің біл. Ертең «көп қызықтан қалып қойдым» деп өкініп жүрме.

Шыңғыс:

Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Талқылау сұрақтары

  • Ердоcтың әрекеті қандай құндылықтарға сүйенеді?
  • Түнгі уақытта ата-ананы ескертпей кетудің қауіптері қандай?
  • Құрдас қысымына қалай дұрыс жауап беруге болады?

Ситуация 2: Көршінің көмегі

Азаматша Бейсенкүл бірнеше күн бойы терезеден екі жасөспірімді байқап жүрді. Кәмелетке толмаған Қанат пен Жомарт көрші қабатта тұратын азамат Есеновтың көлігін айналшықтап, түртіп қарап жүрген.

Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса, көлігінің екі дөңгелегі жоқ болып шығады. Мұны естіген Бейсенкүл сыртқа шығып: «Көлігіңнің дөңгелектерін Қанат пен Жомарт ұрлаған. Себебі олар бірнеше күн бойы көлігіңді айналшақтап жүрді», — дейді.

Талқылау сұрақтары

  • Көргенін айту — азаматтық жауапкершілік пе, әлде асығыстық па?
  • Куәгердің сөзі қандай жағдайда дәлел бола алады?
  • Мұндай жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмі қандай болуы керек?

Қорытынды

«Заң және заман» тақырыбындағы кездесу-пікірталас оқушыларға заңды білу ғана емес, оны күнделікті өмірде дұрыс қолдану, өз құқығын қорғау және өзгенің құқығын құрметтеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.