Кейіпкерлері кімдер
Сабақ тақырыбы
Мысал. Ахмет Байтұрсынұлы
Сабақ мақсаты
- Оқушыларды Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарымен таныстыру, еркін ойлауға үйрету.
- Мысал жанрының мәні мен ерекшелігін түсіндіру.
- Дарынды ақын, ірі ғалым, шебер аудармашы ретінде қаламгердің әдебиеттегі орнын таныту.
- «Егіннің бастары» және өзге мысал өлеңдерді салыстыру арқылы мысал мен аллегория ұғымдарын ажырату.
- Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы мінезге баулу; кісілік қағидаларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Пайдаланылатын әдіс-тәсілдер
- Топпен жұмыс
- Іздену
- Жартылай іздену
- Сұрақ-жауап
Пайдаланылатын көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Портреттер
- Үлестірмелер
- Кесте
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сабақтың мақсатын хабарлау.
- Психологиялық дайындық: сабақ басталар алдында оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
2) Үй жұмысын тексеру
Үлестірмелер бойынша сұрақтарға жауап беру және оқыған мысалдан қысқа көрініс көрсету.
1. Мысал дегеніміз не?
2. Мысалдар қалай беріледі? Кейіпкерлері кімдер?
3. Аллегория дегеніміз не?
4. Қазақ әдебиетінде мысал жанрын бастаған кім? Оны жалғастырушылар кімдер?
5. Мысалдар адамның қандай қасиеттерін мадақтайды?
6. Мысалдар адамның қандай қасиеттерін күлкі етеді?
3) Жаңа сабақ
Мысал — өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде жазылатын, сюжетті әрі шағын көлемді көркем шығарма. Оның тақырыбы сан алуан: кейіпкерлері аң-құс, балық, өсімдік дүниесінен алынады, кейде оқиғаға адам да қатысады.
Мысалда негізгі сюжетпен қатар, нақыл түрінде берілетін түйін болады. Кейіпкерлерді сөйлестіру үшін диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді.
Жанрлық сипаты
Ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады; кейде мысқыл-сықақ үлгісіне ауысады.
Слайд 1: Ахмет Байтұрсынұлы туралы
Ахмет Байтұрсынұлы ақындығының бір қайнар көзі — орыс поэзиясы. Ол орыс ақындарын ықыласпен оқып, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, С. М. Надсон шығармаларымен танысты, кейбір туындыларын аударды.
Аудармалары мен нұсқалары
- А. С. Пушкин: «Ат» өлеңі
- «Данышпан Аликтің ажалы»
- «Балықшы мен балық»
- «Алтын әтеш» ертегісі
1901 жылдан бастап И. А. Крылов мысалдарын аударып, сол негізде өзі де мысал жаза бастайды.
Слайд 2–3: Хронологиялық карта және шығармалары
Ахмет Байтұрсынұлының мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бар. Ол мысалдардағы моральдық-адамгершілік тағылымды қазақ қоғамы үшін аса қажет үлгі деп таныды.
Сыналатын мінез-құлықтар
Ақын аллегориялық бейнелеуді шебер қолдана отырып, әртүрлі аңдардың образын сөйлетті. Сол кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас арқылы ғибратты тұжырым жасайды.