Таза ауа - денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Өзін-өзі тану

Сынып

1

Сабақ тақырыбы

Денсаулық құпиялары

Сабақтың түрі / типі

Жаңа ұғымды қалыптастыру. Жаңа сабақ.

Мақсат пен міндеттер

Сабақтың мақсаты: денсаулық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

1) Түсінікті кеңейту

Денсаулықты сақтау және нығайтудың қажеттілігі туралы түсініктерін тереңдету.

2) Қызығушылықты арттыру

Өз денсаулығын нығайтуға ынтасын күшейту.

3) Тәрбиелік бағыт

Денсаулығын күтуге, бағалауға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Әдістер

  • Ой қозғау
  • «Галереяны шарлау»
  • Топтастыру

Көрнекі құралдар

  • Интерактивті тақта, слайдтар
  • Аялдамаларға арналған суреттер, жүрекшелер
  • Үнтаспа (табиғат дыбыстары, көңілді/жай әуен)

Сабақ барысы: «Денсаулық құпиялары» саяхаты

Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбері

Өлең жолдары

Табиғатты білемін:

Ауа, су, күн, жер, аспан,

Жан-жануар, гүл, егін —

Көкжиекке ұласқан.

Сәлемдесу

Армысың, шапағатты күніміз,

Армысың, мейірімді жеріміз,

Армысың, табиғат-анамыз,

Келді сізге өзіңіздің балаңыз.

Бүгін біз денсаулықты сақтаудың құпияларымен танысамыз. Саяхатымыздың алғашқы аялдамасы — «Таза ауа». Таза ауа адамға тыныс алуға қажет оттегін жеткізіп, дұрыс өсуіне көмектеседі. Табиғат таза болса — ауа да таза. Сондықтан табиғатты аялау жанға саулық береді.

Ой түйін

Басты байлық — денсаулық, бабаң айтқан даналық. Ол үшін көп қозғалып, таза ауаны көбірек жұт.

Мағынаны тану

Тыныштық сәті

Жетелеу мәтіні (су дыбысы фонында)

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзімізді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс алайық. Сылдырай аққан таза судың әуенімен су кереметіне бөленейік: бәріміз су айдынында қалықтап жүзіп жүргендейміз. Тап-таза салқын су шаршағанымызды басып, денемізді сергітеді, бойымызға ерекше күш-қуат береді. Осы жақсы ойымызбен бұрынғы қалпымызға қайта келейік.

Аялдама: «Мөлдір бұлақ»

Су — тазалық, жанға тыныс, сұлулық. Су болмаса өсімдіктер өспейді, ал өсімдік болмаса таза ауа да болмайды. Таза судың азаюы денсаулыққа зиян келтіреді. Сондықтан денсаулықтың келесі құпиясы — табиғи, таза су.

Су туралы тақпақтар

Су — табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп алғайсың.

Жадыраған күндейміз,

Жайнап өскен гүлдейміз.

Тұнық таза ауамыз,

Сылдыраған судаймыз.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Келесі аялдама — «Спорт — біздің досымыз». Денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңызды құпияларының бірі — спорт. Спорт арқылы денемізді шынықтырамыз, сергітеміз, тәнімізге сымбат, жанымызға күш-қуат береміз, аурудың алдын аламыз.

  • Оқушылар спорт туралы тақпақтар айтады.
  • Екі топқа бөлініп, дене жаттығуларын орындайды (көңілді әуен қосылады).

Ой толғаныс және шығармашылық жұмыс

Шығармашылық

Аялдама: «Жан сұлулығы»

Жан сұлулығы денге саулық, тәнге сымбат береді. Денсаулықтың тағы бір құпиясы — ішкі әлемнің тазалығы, мейірім мен ізгілік.

Тақпақ

Жақсылық айт басқаларға,

Ортаға ойыңды салғайсың.

Тек мақтанба, жасқанба —

Сұлу жанды болғайсың.

Тапсырма

Өздеріңді табиғаттағы немесе тіршіліктегі бір нәрсеге теңеп, соны суреттеп салыңдар. Кейін жұмыстарыңды жариялап, қандай ой айтқың келгенін түсіндіріңдер (жай әуен қосылады).

«Галереяны шарлау»

  • Оқушылар суреттерін іліп, шағын көрме жасайды.
  • Бір-бірінің жұмысын тамашалап, пікір білдіреді.
  • «Бес шапалақ» арқылы қолдау көрсетеді.

Дәйексөз

«Жаны саудың — тәні сау» (халық даналығы).

Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Айналаң туралы жақсы ойлап, өзгелерге жақсылық тілесең, өзіңді де жеңіл, сергек сезінесің. Сондықтан тәннің амандығы үшін ғана емес, жанның саулығы үшін де әрекет жасау маңызды: өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден арылуға ұмтыл.

Топтастыру әдісі

«Денсаулық құпиялары» тақырыбы бойынша негізгі ойларды топтастырып жазыңдар.

Таза ауа

Табиғатты аялау → тынысқа пайда.

Таза су

Гигиена, сергектік, тіршілік көзі.

Спорт

Шынығу, күш-қуат, алдын алу.

Жан сұлулығы

Ізгі ой, мейірім, ішкі тазалық.

«Жүректен жүрекке»: қорытынды аялдама

Жақсылық кені

Соңғы аялдама — «Жақсылық кені». Жақсылық жақсы істерден, жақсы әрекеттерден және жақсы сөздерден құралады. Жақсы сөз айту да — денсаулықтың бір құпиясы. Осы аялдамада бір-бірімізге және айналамызға ізгі тілек айтып, жылу сыйлайық.

Денің сау болсын!

Спорт сенің досың болсын!

Күндей шуақты бол!

Жаның сұлу болсын!

Таза су саған күш-қуат берсін!

Күнің ашық болсын!

Жеріміз кең болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз таза болсын!

Гүлдей жайнайық!

Спортпен шұғылданайық!

Жайдары жүрейік!

Аман болайық!

Ән

«Біз — өмірдің гүліміз»

Сөзі

Ә. Дүйсенбиев

Зеңгір көктен нұрын төккен,

Бал достыққа, жолдастыққа.

Ортақ біздің күніміз,

Шақырады әніміз.

Әні

Б. Ғизатов

Жайдары өскен тыныштықта,

Жайнап өскен нұр құштықта.

Біз — өмірдің гүліміз,

Бақыттымыз бәріміз!

Сабақ соңында оқушылар мадақталып, белсенділігі атап өтіледі.