Этикалық ізгіліктер

Қоғамдық білім негіздері · 10-сынып

Сабақтың тақырыбы

Этика — философиялық ғылым

Жаңа білімді игерту Баяндау Сұрақ-жауап Слайдтар

Білімділік мақсаты

Этика философияның және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың маңызды саласы екенін түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты

Этика адамның ішкі дүниесінің айнасы екенін көрсету және оқушыларды адамгершілікке баулу.

Дамытушылық мақсаты

Этика мораль философиясы екенін, адамгершілік мінез-құлық нормаларын зерттейтін ғылым ретіндегі мазмұнын ашу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың көңіл күйіне назар аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге қандай тапсырма берілгенін сұрау.

Тарихи тест

Термин сөздердің дұрыс нұсқасын тауып, анықтамасын айту:

ГИЗСИЛМОЛ КОСМАИА ДУКИНЦИЯ ЯЛОГАНАИ

Үй тапсырмасын қорытындылап, жаңа сабаққа көшу.

III. Жаңа сабақтың жоспары

  1. Этика ұғымы.
  2. Этиканың құрылымы.
  3. Мораль — тарихи құбылыс және этикалық зерттеу нысаны.
  4. Тыйым (табу) түрлері.

Әдістемелік бағыт

  • Тақырыпты бастамас бұрын мораль туралы бағыттаушы сұрақтар қою.
  • Әр бөлімді тірек-сызбалар арқылы түсіндіру.

Негізгі ұғымдар

Этика Мораль Ізгілік Табу

IV. Бекіту тапсырмалары

I деңгей · Тест

Тақырып бойынша тест сұрақтарын орындау.

10 сұрақ
Сұрақ Жауап
1 Этика ғылымы нені зерттейді? Этикалық ізгілікті (адамгершілік құндылықтарды).
2 «Этика» терминін ғылыми қолданысқа енгізген кім? Аристотель.
3 Аристотельдің ізгіліктер туралы ілімінің негізгі қағидалары қандай? Этикалық және дианоэтикалық.
4 «Этикалық» сөзінің синонимі қандай? Мораль.
5 «Этика» сөзі қазақ тіліне қалай аударылады? Әдептану.
6 Этика неше бөліктен тұрады? Үш: теориялық, нормативтік, эмпириялық.
7 Тыйым (табу) түрлері адамзатқа нешеу болып белгілі? Екі.
8 Жақын туыстар, қандастар арасындағы ұрпақ жалғастыру қалай аталады? Инцест.
9 Адам етін азық ету нені білдіреді? Каннибализм.
10 Адамзаттың ерте даму кезеңдерінде көптеген халықтарға ортақ әмбебап әдет-ғұрып қалай аталады? Талион.

«Жұлдызды сәт»

Тақырып бойынша қысқа сұрақтарға тез жауап беру.

II деңгей · Семантикалық карта

Төмендегі қасиеттерді екі топқа бөліп орналастырыңыз: этикалық ізгіліктер және дианоэтикалық ізгіліктер.

Тізім

  • Жомарттық
  • Ақыл
  • Батылдық
  • Шыншылдық
  • Парасат

Жіктеу алаңы

Этикалық ізгіліктер

Осы жерге орналастырыңыз.

Дианоэтикалық ізгіліктер

Осы жерге орналастырыңыз.

Сызбаны толықтырыңыз

«Этиканың құрылымы» тақырыбы бойынша бос орындарды толтырыңыз: ...

III деңгей · Тезис

Тақырып: «Этика — философиялық ғылым»

Білемін

Негізгі түсініктер мен анықтамаларды жазыңыз.

Білгенім

Сабақта нақтылап, тереңдеткен тұстарыңызды белгілеңіз.

Білгім келеді

Алдағы талқылауға сұрақтарыңызды құрастырыңыз.

VI. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.

VII. Үй тапсырмасы

Тақырып: «Адамгершілік құлқын қалыптастыруда дүниежүзілік діндердің орны қандай?»

Өз ойыңызды мысалдармен негіздеп, қысқаша тұжырым жасаңыз.