Хасанғалиев - танымал композитор
Сабақтың тақырыбы
Туған жерін жырлаған Ескендір Хасанғалиев
Сабақтың мақсаты
-
Білімдік: Ескендір Хасанғалиевтің музыка өнеріне қосқан үлесі туралы мәлімет беру, әндерін үйрену.
-
Тәрбиелік: музыканы тыңдай білуге, өнерді сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: әнге қызығушылықты дамыту, музыкалық сауаттылықты арттыру.
Сабақтың типі
Жаңа материалды игеру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдістері
Баяндау, түсіндіру, зерттеу, сұрақ-жауап.
Оқыту формасы
Ұжымдық және жеке даралап оқыту.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
-
Сабақтың мақсаты түсіндіріледі.
-
Үй тапсырмасы тексеріледі.
-
Жаңа сабаққа кіріспе жасалады.
Оқушыларға ән үзінділері тыңдатылады: «Саржайлау», «Атамекен», «Әдемі-ау». Мұғалім сұрақ қояды: «Осы әндердің авторы кім?»
Жауап: Ескендір Хасанғалиев. Бүгінгі сабақ осы композитордың шығармашылығына арналады (портреті көрсетіледі).
Ескендір Хасанғалиев туралы
Мәртебесі
Әнші (лирикалық баритон), композитор, Қазақстан Республикасының халық артисі.
Туған жылы мен жері
1940 жыл, Орал облысы.
Қызметі
1970 жылдан бастап Қазақ радиосы мен теледидарының солисі.
Ескендір Хасанғалиев Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокалды-хор факультетін Е. Виноградов пен Н. Шарипованың класында тәмамдап, кейін Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірген.
Оның орындаушылық мәнері жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленеді. Хасанғалиев — көпшілікке кеңінен танымал, қазақстандық эстрада әншілері жиі орындайтын бірқатар әндердің авторы.
«Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен» сияқты туындыларын тек Қазақстан тыңдармандары ғана емес, шетел көрермендері де ықыласпен қабылдаған.
Композитор шығармашылығына тақырыптың әмбебаптығы мен материалды берудің көпқырлылығы тән. Ол қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне музыка жазған. Сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының ән-романстарын нақышына келтіріп, шебер орындайды.
Хасанғалиевтің бірнеше ән жинағы жарық көрген. Әндерінің тақырыбы сан алуан: туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат.
Гастрольдік сапарлар
Моңғолия (1975), Болгария (1982), Югославия (1968), Алжир (1969), Сирия мен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970) және басқа елдер.
Марапаты: Қазақстан Комсомолы сыйлығының иегері (1970).
Сабақта Ескендір Хасанғалиев туралы қысқаша видео көрсетіледі.
Практикалық бөлім
Дауыс жаттығулары
Дикция, тыныс және диапазонды ашуға арналған қысқа жаттығулар.
Әндерді қайталау
-
«Ақ көгершін»
-
«Ана туралы жыр»
Жаңа ән
«Соғыстан қайтқан солдаттар»
Нота сауаты
Музыкалық диктант.
Қорытындылау
Сұрақ: Е. Хасанғалиев дегеніміз кім?
Сұрақ: Оның қандай патриоттық әндерін атай аламыз?
Сұрақ: Біз оның қандай әндерін білеміз?
Үй тапсырмасы
«Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін жаттау.