Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Химия пәні (8-сынып)
Сабақ тақырыбы
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар.
Сабақтың мақсаты
- Негізгі бейорганикалық қосылыстар туралы білімді жүйелеу.
- Кластар арасындағы генетикалық байланысты түсіндіру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабақ тақырыбына бағыттап, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
2) Білім мен біліктерін тексеру
Бұрын алған білімді жандандыру мақсатында төмендегі сұрақтар ұсынылады:
- Оксидтердің қандай түрлерін білесің?
- Қышқылдық және негіздік оксидтерге қандай оксидтер жатады?
- Барлық қышқылдық оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?
- Барлық негіздік оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?
- Тұз дегеніміз не? Мысал келтір.
- Қышқыл дегеніміз не? Мысал келтір.
- Негіз дегеніміз не? Мысал келтір.
№1 тапсырма
Ойлан, тап
Берілген қосылыстардың ішінен бейорганикалық қосылыстардың жеке кластарына (оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар) жататын өкілдерін теріп жаз.
Жаңа сабақ
Заттарды негізгі кластарға — оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар — бөліп қарастырдық. Әр класқа тән қасиеттерді талдау арқылы олардың арасындағы генетикалық байланысты түсінуге болады.
Бұл бөлімде металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарларының өзара байланысын еске түсіреміз: реакциялар тізбегі бір класстан екіншісіне өту мүмкіндігін көрсетеді, ал қорытынды кезең көбіне тұз түзілуімен аяқталады.
Генетикалық қатарлардың өзара байланысы
Сызба-нұсқа заттардың кластар бойынша түрлену бағытын көрсетеді.
Металдар қатары
Бейметалдар қатары
Осы сызбаға сүйене отырып, оқушылар металл мен бейметалдың генетикалық қатары көп жағдайда тұз түзілуімен аяқталатынын тұжырымдайды.
Судың заттарды жіктеудегі орны
Судың қышқылдық және негіздік оксидтермен әрекеттесіп, сәйкесінше қышқыл және негіз түзетіні белгілі. Сондықтан суға қатысты жіктеу сұрағын талқылау маңызды.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Судың өзі қандай қасиет көрсетеді?
- Суды қандай класқа жатқызуға болады?
Оқушылар заттарды жіктеудің негізгі белгілерін еске түсіре отырып, суды екідайлы оксидке жатқызуға болатыны туралы қорытынды жасайды.
Биологияда өсімдіктер мен жануарларды туысқа, түрге бөліп жіктегендей, химияда да заттарды жіктеу олардың ортақ қасиеттеріне сәйкес бірігіп, біртұтас топ құрайтынын көрсетеді. Бұл — табиғаттың тұтастығын айқындайтын заңдылық.
Тақырыпты бекіту
Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқулықты пайдаланып, бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары бойынша оқушыларға өздік тапсырма беріледі.