Мұғалімнің тапсырмасы
Сабақтың мақсаты
-
1
Оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы алған білімін пысықтау; грамматикалық көрсеткіштердің заттың үш жаққа да (менікі, сенікі, оныкі) тәуелді болатынын түсіндіру.
-
2
Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
-
3
Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге және кәсіптік білімге баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу!
II. Ой қозғау
Біздің еліміз — Қазақстан Республикасы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ел болашағы — білімді ұрпақ» деп, сіздерге үлкен сенім білдіреді.
Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан — жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел. Еліміздің гүлденуіне үлес қосатын маман болып, оның түкпір-түкпірінде еңбек ететіндеріңе менің де сенімім мол.
Сондықтан «әлі кішкентаймыз» демей, бүгіннен бастап мамандық таңдауды армандап, мақсатыңды айқындау керек. Бүгінгі сабағымыз да мамандық таңдауға байланысты.
Сұрақ:
Іштеріңде қандай да бір мамандықты таңдауға қызығып жүрген оқушылар бар ма?
III. Үй тапсырмасын тексеру
Бір айналым сөйлесу
Тақырып: Зат есімМамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған. Ендеше мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
Семантикалық карта (тәуелдік жалғаулары).
| Зат есім | I жақ | II жақ | III жақ |
|---|---|---|---|
| аға | ағам | ағаң | ағасы |
| дәптер | дәптерім | дәптерің | дәптері |
| мұғалім | мұғалімім | мұғалімің | мұғалімі |
| мектеп | мектебім | мектебің | мектебі |
| бесік | бесігім | бесігің | бесігі |
| аула | аулам | аулаң | ауласы |
| қалам | қаламым | қаламың | қаламы |
| оқулық | оқулығым | оқулығың | оқулығы |
Қосымша тапсырма:
«Оқулық» сөзін жекеше және көпше түрде тәуелдеп жаз.
IV. Жаңа сабақ
Бүгін зат есімнің тәуелденуі тақырыбын жалғастырамыз.
Балықшының тапсырмасы: «Әдемі жазу»
Көркем жазу: Сс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Сұрақ:
«С» дыбысынан басталатын мамандық иелерін ата.
V. Жаттығулар
Дәрігер мамандығының тапсырмасы
1-жаттығу
-
Тәуелдеулі сөздерді тап.
-
Олар қай жақта айтылып тұр?
-
Өлеңді II және III жақта оқып көр.
Құрылысшы мамандығының тапсырмасы
2-жаттығу (өздік жұмыс)
-
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
-
Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тап.
-
Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
VI. Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс
Күнге қарап қол созамыз, 1, 2, 3
Қызғалдақтай ырғаламыз, 1, 2, 3
Дөңгеленіп айналамыз, 1, 2, 3
Көркем етіп біз жазамыз.
Мақсат
Қысқа сергіту арқылы зейінді жаңартып, келесі тапсырмаларға шапшаң әрі жинақы кірісу.
VII. Шығармашылық жұмыс
Тігіншінің тапсырмасы
«Даналық ағашы» — 4-жаттығу
-
1
Мәтінді түсініп оқы.
-
2
Әр оқушы бір сұрақ құрастырып, оны сандықшаға салады.
-
3
Мәтінді қайта оқып, сандықшадан сұрақ алып, жауап береді.
Суретшінің тапсырмасы
«Кім зерек?»
Ең ақшасы көп мамандық
Есепші, банк қызметкері
Ең тәтті
Аспаз
Ең күлкілі
Клоун
Ең жасыл
Бағбан
Ең салмақты
Мұғалім, заңгер
Қорытындылау
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
Рефлексия әдісіБұл әдісте оқушы тақырып бойынша өз ойын жазбаша білдіреді және төмендегі үлгі бойынша жұмыс жасайды.
| Ережеден үзінді | Ереже туралы пікір |
|---|---|
| 1) Тәуелденеді. | Оқушы өз түсінігін, мысалын жазады. |
| 2) Заттың біреуге меншікті екенін білдіреді. | Қай жағдайда қолданылатынын, сөйлем құрап көрсетеді. |
| 3) Мысал: «дос» | «досым, досың, досы» сияқты тұлғалармен нақтылайды. |
Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.