Жансүгіровтың Жазғытұрым өлеңімен таныстыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пәні
- Ана тілі (1-сынып)
- Сабақтың тақырыбы
- І. Жансүгіров — «Жазғытұрым»
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс
- Көрнекіліктер
- Слайдтар, ереже плакаттары және қосымша материалдар
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңімен таныстыру.
- Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Әсемдікке, сұлулықты бағалауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Сөздік қорын, дүниетанымын, сөйлеу тілін дамыту.
- Білімін бекітіп, оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақ барысы
Қызығушылықты ояту
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық.
- Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
Сәлемдесу өлеңі
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Үй тапсырмасын тексеру
- Өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтау.
- Шығарма: «Өз еліммен мақтанамын».
- Мақал-мәтелдер: туған жер, Отан туралы.
Қайталау сұрақтары
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Өз елің туралы әңгімелеп бер.
- Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
- Әнұранның авторларын ата.
- Елтаңбаның авторларын ата.
- Туға сипаттама бер.
Жаңа сабақ: мағынаны тану
- Жаңа тақырыппен таныстыру.
- Сабақ мақсатын оқушылармен бірге анықтау.
Сабақты жыл мезгілдері туралы білімімізді толықтырудан бастаймыз. Табиғат-Ананың төрт перзентінің де өз ерекшелігі мен сұлулығы бар. Оқушылар жыл мезгілдері кейпінде шығып, өздерін таныстырады.
Негізгі ой
Бүгінгі тақырыбымыз — қысты ығыстырып, табиғат әлеміне жол ашатын Көктем. Бұл мезгілді кейде «Жазғытұрым» деп те атаймыз.
Слайдқа ұсынылатын өлеңдер
- «Жазғытұрым» — Абай
- «Көктем» — Қ. Аманжолов
- «Жазғытұрым» — І. Жансүгіров
Үш ақын да көктемді адам өмірімен және жануарлар тіршілігімен байланыстыра жырлайды. Енді І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңінің мазмұнын тереңірек ашып танысамыз.
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлеңнің мазмұнын ашу, сұрақтарға жауап беру.
- Мәтіннен заттың атын білдіретін сөздерді табу.
Заттың атын білдіретін сөздер
Кім?
Суретші, әке, ата, ана, әже
Не?
Қоян, қобыз, түлкі, шапан, гүл
Ереже
Заттың атын білдіретін сөздерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады. Кім? сұрағы адамға қатысты сөздерге, ал не? сұрағы жануарларға және жансыз заттарға қойылады.
Дәптермен жұмыс
83-жаттығу
Суретке қарап, кім? және не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазу.
Диктант
Көктем туды. Қар еріді. Жел соқты. Құстар оралды.
Тапсырма: не? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызу.
Ой толғаныс
1) Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата
2) Бағалау
Оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, тапсырманы орындау сапасы және сабақтағы белсенділігі ескеріледі.
Үй тапсырмасы
- І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін жаттау.
- Шығарма жазу: «Көрікті көктем туғанда».