Бүгінгі біздің Озық ойлы дарындылар сайысымызға қош келдіңіздер
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Информатика
Сыныптар
7 «А», 7 «Б»
Сабақтың тақырыбы
Озық ойлы дарындылар
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Мақсаты мен міндеттері
Сабақтың негізгі мақсаты — оқушылардың ойлау қабілетін, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық және логикалық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Білімділік
Оқушылардың көшбасшылық қасиетін шыңдау, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық
Логикалық ойлауын және танымдық қызығушылығын дамыту, ақыл-ойын жан-жақты жетілдіру.
Тәрбиелік
Пәнге, білімге, шығармашылыққа құрмет қалыптастыру; ойын еркін жеткізуге, топпен бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
- Топтастыру
- Сұрақ-жауап
- Ойын элементтері
- Баяндау әдісі
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Слайдтар
Сайыстың барысы
Кіріспе сөз
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі «Озық ойлы дарындылар» сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар, осында жиналғандар,
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар.
Рұқсат етсе көрермен қауым,
Кешімізді бастайық, қатысушылар!
Қатысушы командалар
- «Процессор» (7 «А» және 7 «Б» сынып оқушыларынан құралған)
- «Пернетақта» (7 «А» және 7 «Б» сынып оқушыларынан құралған)
Бағалау жүйесі
Әр кезеңде ұпай жинау арқылы командалардың білімі мен тапқырлығы бағаланады. Әділқазылар алқасы сайыс нәтижесін қорытындылайды.
7 турдан тұратын сайыс кезеңдері
- 1 Ойлан тап!
- 2 Бейне сұрақ
- 3 Адасқан әріптер
- 4 Кім жылдам
- 5 Дешифратор
- 6 Үй тапсырмасы
- 7 Құпия жәшік сұрағы
Информатиканың сырлары қызықтырады біздерді. Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді!
І кезең: «Ойлан тап!» (сұрақ-жауап)
Ереже
Бұл бөлімде екі топқа да бірдей сұрақ қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтерсе, сол топ жауап береді. Қате жауап берілген жағдайда қарсылас топқа жауап беруге мүмкіндік беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
1-сұрақ
Ең бірінші бағдарлама General-purpose programme құрастырған ғалым?
Жауабы: Ада Лавлейс
2-сұрақ
«Алгоритм» сөзі қай ғасырда және кімнің есіміне байланысты пайда болған?
Жауабы: IX ғасыр, Әл-Хорезми
3-сұрақ
Бағдарлама неше бөліктен тұрады?
Жауабы: 3 бөліктен: тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі
4-сұрақ
Бағдарламамен басқарылатын аналитикалық машинаны ойлап шығарған ағылшын ғалымы?
Жауабы: Чарльз Бэббидж
5-сұрақ
АҚШ-тағы IBM фирмасы қай жылдан бастап дербес компьютерлерді шығара бастады?
Жауабы: 1980
6-сұрақ
Деректерді уақытша сақтауға арналған құрылғы?
Жауабы: Жедел жад (RAM)
7-сұрақ
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Жауабы: Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама
8-сұрақ
Электрондық есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді?
Жауабы: 4 буынға
9-сұрақ
Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы?
Жауабы: Интернет
10-сұрақ
Деректер бойынша шамамен жасы 2000–5000 жыл болатын құрал?
Жауабы: Есепшот
Білім — биік шың, бақытқа жеткізер. Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер.
Ендеше, келесі ойын кезеңіне көшейік.
ІІ кезең: «Бейне сұрақ»
Бағалау
Экранға назар аударайық. Дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.
1-сұрақ (Процессор тобы)
Таңбаша дегеніміз не?
Жауабы: Нақты бір файлды немесе объектіні көрсететін арнайы белгіше.
2-сұрақ (Пернетақта тобы)
Файл дегеніміз не?
Жауабы: Атауы бар байттар тізбегі (деректер жиыны).
Бұл жарыс мұнымен бітпейді — келесі бөлімге өтейік. Бәріміз бірігіп, бас қосып, адасқан әріптерді реттейік.