Спорттың түрлерін атау

Сынып: 4 Сабақ түрі: жаңа сабақ Әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру Көрнекілік: суреттер

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан спортшылары

Сабақтың мақсаты

  • Спорт тақырыбын жалғастыру.
  • Оқушыларды Қазақстан спортшыларымен таныстыру.
  • Оқылым, тыңдалым, жазылым және тілдесім әрекеттерін жандандыру.

Тәрбиелік бағыт

Спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру, дені сау азамат болуға ынталандыру, Олимпиада жеңімпаздарын мақтан тұтуға үндеу.

Негізгі фокус

Лондондағы Жазғы XXX Олимпиадасына қатысқан қазақстандық спортшылар және олардың жетістіктері.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.

II. Қызығушылықты ояту

Тыңдалым: «Чемпиондар әні» (бейнебаян).

Талқылау сұрақтары:

  • Балалар, немен таныс болдыңдар?
  • Бұл әнді бұрын естідіңдер ме?
  • Бүгінгі сабақ қандай тақырыпқа арналады?

III. Әрекет кезеңі (жаңа сабақ)

Кластерлеу әдісі: «Спорт туралы не білеміз?»

Ат спорты
Күрес
Жүзу
Баскетбол
Жүгіру
Волейбол

Лондондағы Жазғы XXX Олимпиада: қысқаша дерек

Қазақстаннан қатысқан спортшылар
116 спортшы
Спорт түрлері
25 түр
Жалпы нәтиже
12-орын
Медаль саны
13 медаль (7 алтын, 1 күміс, 5 қола)

Алтын медаль

  • Александр Винокуров
  • Серік Сәпиев
  • Илья Ильин
  • Мая Манеза
  • Зульфия Чиншанло
  • Ольга Рыпакова
  • Светлана Подобедова

Күміс медаль

  • Әділбек Ниязымбетов

Қола медаль

  • Ақжүрек Таңатаров
  • Даниял Гаджиев
  • Гузель Манюрова
  • Иван Дидчко
  • Марина Вольнова

Оқылым тапсырмасы

Жазғы XXX Олимпиада Лондонда өтті. Қазақстаннан 116 спортшы спорттың 25 түрінен қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан 12-орынға тұрақтады. Барлығы 13 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс, 5 қола.

Тапсырмалар:

  • Мәтінді мұқият тыңдап, оқыңдар.
  • Мәтінді аударыңдар.
  • Мәтіннен дұрыс және бұрыс сөйлемдерді табыңдар.

Айтылым: спорт түрлерін атау

Жазғы спорт түрлері

  1. Велоспорт
  2. Ат спорты
  3. Жеңіл атлетика
  4. Гольф
  5. Теннис
  6. Футбол
  7. Суда жүзу

Қысқы спорт түрлері

  1. Биатлон
  2. Тау шаңғысы спорты
  3. Шаңғы жарыстары
  4. Мәнерлеп сырғанау
  5. Фристайл
  6. Хоккей
  7. Шорт-трек және т.б.

Қосымша мазмұн

Мұғалім оқушыларға әлемге әйгілі, тарихта аты қалған қазақ палуаны Қажымұқан туралы да қысқаша мәлімет беруді ұсынады (оқушы баяндайды).