Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы 3 жалпы орта білім беретін мектебі КММ - ніңбиология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан СоветовнаӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІНДЕ (слайд)Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған, Сен күнсің, көтерілген күліп қырдан

«Өсімдіктер әлемінде» сыныптан тыс іс-шара

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна ұсынған сыныптан тыс іс-шара.

Табиғат — сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен күнсің, көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Осы шумақпен «Өсімдіктер әлемінде» атты іс-шарамызды бастаймыз.

Мақсаты

  • Оқушылардың өсімдіктер әлемі туралы білімдерін нығайту.
  • Табиғатты сүюге, оның берекелі тіршілігін қорғауға баулу.
  • Отансүйгіштікке, бірлікке және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

1-топ

Қызғалдақтар

2-топ

Бәйшешек

3-топ

Итмұрын

Сайыс болған соң, әділқазыларсыз болмайды. Әділқазылар алқасы іс-шара барысындағы ұпайларды есептеп, қорытынды шығарады.

Сайыс бөлімдері

Бөлім Атауы Бағалау
1 Сергіту (сұрақ-жауап) әр сұрақ — 1 балл
2 Кім жылдам? 5 балл
3 Ол кім? Бұл не? 1 балл
4 Жеміс теру 1 балл
5 Сөзжұмбақ 1 балл
6 Өсімдік — өмір кілті 5 балл
7 «Ағаш егіп, гүл егіп, қамқор болып жүрелік» 5 балл

Топтар таныстыруы (шағын көрініс)

Табиғаттың ажары — көркем бір, шежіресі секілді ертегі-жыр. Ендеше, гүлдерге сөз берейік: әрқайсысы өзі туралы сыр шертсін.

Қызғалдақ

Кім білмес қыз аруы — қызғалдақты?
Өң беріп, көркейтеміз әрбір бақты.
Сәні деп өміріңнің, көңіліңнің,
Сый етіп бізді жігіт қызға арнапты.

Бәйшешек

Мен болам қырларында текеметтің,
Көктемде алғаш көрік әперетін.
Бәйшешекпін — қар астында көмектесем,
Қыс ызғарын қаймықпай көтеретін.

Итмұрын

Мен болам қырларында жайраңдаған,
Айналама шуақ-көрік әперетін.
Итмұрынды емге сен пайдалансаң,
Жадырап, жаздай күліп, ауырмассың.

1-бөлім: «Сергіту» (сұрақ-жауап)

Әр дұрыс жауап — 1 балл.

  1. Дүниедегі ең биік ағаш: эвкалипт.
  2. Жапырағынан көбейетін өсімдіктер: фикус, бегония.
  3. «Барометр-гүл»: акация.
  4. Суықтан да, биіктен де қорықпай таудың ұшар басында өсетін өсімдік: эдельвейс.
  5. Ертеде гүлдердің ішінде ең алғаш белгілі болған гүл: хризантема.
  6. Дүниедегі ең алып гүл: раффлезия Арнольд (шамамен 10 кг).
  7. «Жасыл асхана» деп аталатын өсімдік мүшесі: жапырақ.
  8. Ағаштың орташа өмір жасы: 300–500 жыл.
  9. Қар астында қыстайтын гүлдер: қоғажай, шытыр.
  10. Ең тез өсетін өсімдік: бамбук.
  11. Қазақстанның өсімдіктерге арналған Қызыл кітабы шыққан жыл: 1981 жыл.
  12. Т2К2+2А∞Ж∞ формуласы: көкнәр.
  13. Т(5)К5А20Ж1 формуласы: алхоры.
  14. Т(5)К5А∞Ж(5) формуласы: алма.
  15. Т(5)К5А∞Ж формуласы: итмұрын.

2-бөлім: «Кім жылдам?»

Үш топқа өсімдік атаулары жазылған үлестірмелер таратылады. Сонымен қатар тұқымдастар атауы жазылған конверттер беріледі. Тапсырма — үлестірмелерді тиісті тұқымдасқа шатастырмай орналастыру.

Орындауға берілетін уақыт: 50 секунд. Жұмыс аяқталған соң материалдар әділқазылар алқасына тапсырылады.

3-бөлім: «Ол кім? Бұл не?»

«Ол кім?» сұрақтары

Жаратылыстану ғылымына еңбек сіңірген тұлғалардың аты аталады. Оқушылар қысқаша, 1–2 сөйлеммен жауап береді.

  • Күдерин Жұмақан

    Қазақтан шыққан тұңғыш биолог ғалым.

  • Ыбырай Жақаев

    «Ақ күріштің атасы» атанған әйгілі диқан.

  • В. Вавилов

    Мәдени өсімдіктерді жүйелеп, топтарға бөлген ғалым.

  • Бокарев Денис

    Күнбағыстан алғаш рет өсімдік майын алған орыс шаруасы.

  • Мұсақұлов Тәліп

    Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігінің авторы.

  • Тарабаева Гүлбахрам

    Дәрмене өсімдігінің дәрілік қасиетін ашқан, қазақтан шыққан алғашқы ғылым докторы.

  • Теофраст

    Грек ғалымы; өсімдіктің 500 түрін алғаш рет ғылыми түрде сипаттаған.

«Бұл не?» сұрақтары

Өсімдік суреті көрсетіледі. Оқушылар атауын айтып, 1–2 сөйлеммен қысқаша сипаттама береді.

Бүлдірген

Еліміздің көп өңірінде таралған көпжылдық өсімдік. Мамыр айында гүлдейді.

Шырғанақ

Орта Азияда, Батыс және Шығыс Сібірде, Қазақстанда кездеседі. В және Е дәрумендеріне бай.

Өрік

Орта Азияда және Қазақстанның оңтүстік-шығысында өседі. Дәндерінен май алынады.

Қызыл қарақат

Қазақстанның көптеген аймақтарында кездеседі. Жапырақтары емдік мақсатта қолданылады.

Долана

Орта Азия мен Қазақстанның таулы өңірлерінде өседі. Гүлін емге пайдаланады.

Алмұрт

Раушангүлдер тұқымдасына жатады. Құрамында A және B дәрумендері бар.

Табиғаттың көркімен талантымды ашамын, әсем сұлу жерімді әніме қосамын — деп табиғат сұлулығын жырлай отырып, келесі кезекті әнге береміз.

«Саржайлауым» әнін орындайды: Көшкінбаева Гүлмира.

Әділқазылардан алғашқы үш бөлім бойынша ұпай қорытындысын хабарлауды сұраймыз.

4-бөлім: «Жеміс теру» (жұмбақтар)

Оқушылар кәрзеңкедегі жеміс-жидек суреттерін алады да, суреттің артқы бетіндегі жұмбақты шешеді. Әр топтан бір-бір оқушы шығады: Қызғалдақ, Бәйшешек, Итмұрын.

  1. Қар астында қыстайды, ақпен бөркін тыстайды бәйшешек
  2. Өзіне шап-шақ, киген қалпағы аппақ, балалар тұр қаптап бақ-бақ
  3. Бек тұрған, белін буып тек тұрған бидай
  4. Бауыздасаң қан орнына су ағар қауын
  5. Арбиған әкесі бар, тарбиған шешесі бар шие ағашы
  6. Түсі бар ақты-көкті қызылала, пайдасы адамзатқа тиген жаңа, қойыпты ортасына қазық қағып, сүйкімді көреді екен бала-шаға алма ағашы
  7. Бір ағашта қырық бұтақ, қырық бұтақта қырық ұя, қырық ұяда қырық жұмыртқа, қырық жұмыртқада қырық балапан бидайдың масағы
  8. Сусыз піскен ас көрдім, домаланған бас көрдім қауын
  9. Көк лағым көгенде тұрып семірген қарбыз
  10. Пішіні бар домалақ, көріп қойдым сығалап: жақсы болса тұрмысы, шығады екен қоғалап. Бес ай уақыт өткенде қаптап алдым құмалақ картоп