Иіс сезу мүшесі және иіс рецепторларының клеткалық құрылысы
Сабақ туралы
Сабақтың мақсаты
- Хемосезгіш рецепторлар — иіс және дәм рецепторлары туралы толық әрі жан-жақты түсінік қалыптастыру.
- Алынған білімді теориялық және практикалық жолмен дамыту, толықтыру.
- Хеморецепторлар қызметінің бұзылмауы үшін жеке гигиена талаптарын ұстануға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және формат
- Сабақтың түрі
- Электронды оқыту
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақ
- Әдістер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыстар
- Пәнаралық байланыс
- Химия, медицина, әдебиет
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу
- Оқушыларды түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша сұрақтар:
- Вестибула деген не?
- Вестибула қандай мүше?
- Вестибула мүшесінің маңызы қандай?
- Вестибула қайда орналасқан?
- Вестибула мүшесінің қозуы қалай байқалады?
- Қолайсыз жағдайлардан қалай сақтануға немесе құтылуға болады?
- Вестибула аппаратының негізгі құрылымы қандай?
- Бұлшық ет сезімі дегеніміз не?
- Сипап сезу рецепторларының маңызы қандай?
- Ноцицепторлар қандай рецепторлар және олардың маңызы неде?
Үй тапсырмасын бекіту
Вестибула мүшесінің құрылысы және атқаратын қызметі.
Сөздікпен жұмыс
Негізгі терминдерді қайталау және жаңа ұғымдарды нақтылау.
III. Жаңа сабақ: хеморецепторлар, иіс және дәм сезімі
Рецепторлар: сыртқы және ішкі
Сыртқы рецепторлар
- Терінің үстіңгі қабатында орналасады.
- Тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды.
Ішкі рецепторлар
- Организм ішінде, ішкі мүшелерде болады.
- Ішкі ортада жүретін өзгерістер туралы хабарлайды.
Хеморецепторлар — химиялық заттардың сапасын (құрамын, қасиетін) ажыратуға көмектесетін рецепторлар. Бұл топқа ең алдымен иіс және дәм сезгіш рецепторлар жатады.
Иіс сезу: анализатор және қорғаныш рефлекстері
- Иіс сезу анализаторы рецепторлардан, жүйке жолдарынан және орталықтан тұрады.
- Кейбір қолайсыз иістер қорғаныш рефлексін тудырады: түшкіру, тынысты ұстап тұру.
- Өткір иісті заттар (мысалы, мүсәтір спирті) тынысты рефлекторлы түрде тежей алады.
Маңызды ескерту
Йод, хлор, бром, формалин, күкіртсутек, азот, сондай-ақ тұз және күкірт қышқылдары мұрынның шырышты қабықшасын тітіркендіруі мүмкін. Мұндай заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.
Алдын алу және гигиена
- Тыныс жолдары ауруларының алдын алу және дер кезінде емделу.
- Иіс сезу рецепторларының қызметі бұзылмауы үшін гигиеналық талаптарды сақтау.
- Иіс сезу бұзылған жағдайда алғашқы көмек көрсету қағидаларын білу.
- Иіс сезу қабілетінің төмендеуі күнделікті өмір сапасына және қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін.
Дәм сезу: рецепторлардың орналасуы
Дәм сезу рецепторлары тілдің әр бөлігінде, сонымен бірге жұмсақ таңдайда және жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу бүрлері тағам құрамындағы еріген заттарға жауап береді.
Тіл ұшы
Сезімтал аймақтардың бірі.
Тіл жиегі
Дәм сезуге белсенді қатысады.
Тілдің артқы бөлігі
Дәм қабылдауға қатысатын маңызды аймақ.
Жұмсақ таңдай және жұтқыншақ
Қосымша дәм сезу аймақтары.
Тіл туралы поэтикалық үзінді
Сөйлеу үшін тіл керек адамдарға,
Тіл әсер етер жүрек-жанға.
Адамзатқа тіл пайдасы мол тиер,
Тілсіз өмір сүру жоқ бұл ғаламда.
Ақындарым тіл қадірін жақтады,
Тілмен өріп өлең-сөзді топтады.
Өткір тілмен ой елегін қорытып,
Келешекке тіл арқылы сақтады.
Сарамандық жұмыс
Мақсаты
Арнайы таңдалып алынған ерітінділер көмегімен тілдің жеке бөліктерінің сезгіштігін анықтау.
Зерттелуші объект
Адам
Қауіпсіздік
Ерітінділерді аз мөлшерде қолдану, жеке шыны таяқшаларды бөлек пайдалану, жұмыстан соң ауызды шаю.
Құрал-жабдықтар
- 2% лимон қышқылы ерітіндісі
- 10% натрий хлориді ерітіндісі
- 4% қант ерітіндісі
- Пробиркалар
- Штатив
- 4 шыны таяқша
- Дистилденген су
- Стакан
Мұғалім: Тілеуімбетова Сәрсенгүл