Мотивация - Мен жақсы адаммын ба
Мотивация: «Мен жақсы адаммын ба?»
«Мен жақсы адаммын ба?» деген сұрақ кейде жүрекке салмақ түсіріп, өз-өзіңді күмәнға жетелеуі мүмкін. Бірақ шындық көбіне күнделікті таңдаулардан, сабырдан, адалдықтан және адамға деген мейірімнен көрінеді.
Жарыңның жанында қалуы — сенің жылылығыңның белгісі
Сен жарыңа сәби сыйлай алмағаның үшін өзіңді кінәлі сезінуің мүмкін. Бірақ ол сені тастап кетпеді. Бұл — араларыңдағы құрметтің, мейірімнің және сенің жақсы жан екеніңнің бір дәлелі.
Жаныңдағы адам да адамгершілігі мол, жауапкершілігі жоғары азамат. Нағыз ер азамат жұбын қиын күнде де жалғыз қалдырмайды, өйткені шынайы азаматтық — дәл сол сәттерде көрінеді.
Аз болса да — шынайы достық қымбат
Достарың аз болуы мүмкін, бірақ аздың ішінде — нағыздары бар. Бұл да сенің адал әрі таза ниетіңе байланысты. Шынайы адамдар шынайылықты танып, қадірлей біледі.
Қиналғанда қасыңнан табылады
Олар сен қиналғанда жағдайға қарамай жетіп келеді.
Көмек бере алмаса да, рухыңды көтереді
Қолынан нақты көмек келмесе де, сөзімен демеп, сынып кетпеуіңді тілейді.
Бақыт — барды бағалаудан басталады
- Денең сау.
- Басыңда баспанаң бар.
- Адал жарың бар.
- Шынайы достарың бар.
- Бауырларың арасында абыройың жоғары.
Сені бауырларың арқа тұтады. Жұбайың дауысыңды естімесе сағынады. Көрмей қалса, достарың іздейді. Бұл — сенің адамдарға берген жылуыңның өзіңе қайтып келуі.
Жаным, сен бақыттысың. Бақытты бола бересің.
Жадыра